Ғибәның ең жиіркенішті түрі – рияшыл, діншіл болып көрінгендердің ғайбаты.
Мысалы, біреуді еске алғанда:
– «Аллаға шүкір, бізді сұлтанға кіріп, дүние іздеумен сынамады», – дейді. Немесе:
– «Ұятсыздықтан Аллаға сыйынамыз», – дейді. Немесе:
– «Алла бізге және оған кешірім берсін, ол байғұс ауыр бәле-жалаға душар болды», – дейді.
Олар сөз жүзінде дұға жасаған болып, шын мәнінде жамандап, өзін жоғары қояды.
Білгін: ғибатты тыңдаушы да – ортақтас күнәға. Ол тыңдау күнәсінен тек қарсылық білдірсе ғана құтылады.
Егер тілімен айта алмаса – жүрегімен қарсы болуы керек. Қолынан келсе – орнынан тұрып кетуі немесе әңгімені басқа жаққа бұруы тиіс. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) риуаят: «Кімнің қасында бір мүмін қорланса, ал ол оны қорғауға күші жетіп тұрып қорғамаса – Алла оны қиямет күні жаратылыстың алдында қорлайды» Тағы айтты: «Кім мүмінді мұнафықтың мазақтауынан қорғаса, Қиямет күні Алла оған жәһаннамның отынан қорғаушы періште жібереді».
Басқа бір адамды жамандап жатқанын көрді. Сонда ол оған былай деді: «Әттең, құрыдың! Құлағыңды жаман сөз тыңдаудан арылт, қалай өзіңді ол сөзді айтудан арылтсаң. Өйткені тыңдаушы – айтушыға серік. Ол (жамандаушы) өзінің ыдысындағы ең жаманын алып, сенің ыдысыңа төкті. Егер ақымақтың айтқан сөзін аузына қайта тығар болсаң, сен оны қайтарғаныңмен бақыт табар едің, ал оны айтқан адам сол сөзімен бақытсыз болар еді».
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz