Ішіп-жейтін, қолданатын және пайдасы тиетін нәрселердің бәрі ризық.
Ішіп-жемесек, қолданбасақ, пайдасы тимесе, біздің мүлкіміз болса да, ризыққа жатпайды. Мәселен, екі нан алдық, біреуін жедік, екіншісі жеместен қайтыс болдық делік. Тек жегеніміз ғана ризық болады. Бір үй сатып алдық, бірақ ол үйде тұрмадық немесе жалға беріп, ақшасын алмадық, тіпті ақшасын алсақ та, ол ақшаны жұмсап пайдаланбаған болсақ, ол біздің ризығымыз емес деген сөз.
Ризық дегенде әдетте жейтін нәрселер аңғарылады. Үй, киім-кешек, қолданған және пайдаланған барлық мүлкіміз ризық болып саналады. Тіпті харам жолмен тапсақ та, ризық болады.
Ақылды негізге алған Мутәзилә адасқан ағымы «Харам нәрсе ризық емес» деген болса да, Әһли сүннет ғалымлары «Халал да, харам да ризыққа жатады» деді. Бір хадис шәриф мынадай:
«Әлбетте ешбір құл тағдырда жазылған ризығына қауышпағанша өлмейді. Олай болса, ризықтарыңды іздегенде жақсы жолды ұстаныңдар, халалды алыңдар, харамнан сақтаныңдар!» (Хаким).
материал «Ризық» кітабынан алынды,
ummet.kz