Тілден келетін апат: сырды ашу, уәдеге тұрмау, өтірік айту (сөзде және антта).
Мұның бәрі де тыйым салынған. Бірақ кей жағдайда өтірікке рұқсат берілген: әйеліне (жанұя татулығы үшін) және соғыста.
Жалпы қағида: егер бір игі мақсатқа жету тек өтірік арқылы мүмкін болса, ол мақсат мүбах (рұқсат етілген) болса – өтірік те рұқсат. Егер мақсат ужиб (міндетті) болса – өтірік айту да уәжіп болады. Бірақ қолынан келгенше өтіріктен сақтану керек. Сондай-ақ жанама сөз (ма’ариз) айтуға рұқсат бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Әрине, ма’аризде (жанама сөзде) өтіріктен құтылу бар»
Алайда ма’ариз тек қажет болған жағдайда ғана дұрыс. Қажетсіз жерде айту – мәкруһ, өйткені ол өтірікке ұқсайды. Мысал ретінде, бізге жеткен риуаятта: Абдуллаһ ибн Рауаха (р.а.) күңімен болды. Әйелі біліп қалып, қолына пышақ ұстап келіп:
– Істедің бе? – деді. Ол:
– Ештеңе істеген жоқпын, – деп жауап берді. Әйелі:
– Құран оқисың, әйтпесе мына пышақпен тураймын, – деді. Сонда ол мына өлеңді оқыды: «Арамызда Алланың Елшісі Құран оқиды, Таң жарық шашқанда сәуле төгеді. Ол түнде төсегінен тұрып ғибадат қылады, Кәпірлер ауыр ұйқыға кеткенде. Бізге хидаятты көрсетті қараңғылықтан кейін, Жүректеріміз сенді: айтқаны – ақиқат».Әйелі:
– Аллаға иман келтірдім, көзім өтірік көрді, – деді. Сондай-ақ, ән-Нахаи біреу іздегенде күңіне:
– «Айт оларға: оны мешіттен іздеңдер», – дейтін.
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz