30
Жұма,
Қаңтар

һижри

Тілден келетін апат: Алланың сипаттары жайында сұрақ қоюлары

Тілден келетін апат: Алланың сипаттары жайында сұрақ қоюлары

Ислам тарихы

Қарапайым халықтың (ғылыми дайындығы жоқ адамдардың) бір апаты – Алланың сипаттары мен Оның сөзі жайында сұрақ қоюлары.

Біл: шайтан қарапайым адамға ой тастайды – «сен ғылымға терең бойласаң, ғалымдар мен ардақты кісілердің қатарынан боласың» деп. Сөйтіп ол адамға осыны сүйкімді етіп көрсетіп қояды, нәтижесінде ол байқамастан күпірлік сөздер айтып қояды. Пайғамбар (с.ғ.с) айтты: «Адамдар сұрай беретін заман таяйды, тіпті: “Бұл Алла жаратылысты жаратты, ал Алланы кім жаратты?” – дейді».

Демек, қарапайым халықтың терең ілімдерге қатысты сұрақтары – ең үлкен апаттардың бірі. 

Олар Алланың сипаттарының мәні жайлы қазбалап сұрай бастаса, пайда таппайды, қайта бұзылады. Өйткені олар үшін міндет – мойындап сену, яғни Құранда келген нәрсеге иман келтіру, Пайғамбар (с.ғ.с) жеткізгенді сол күйінде қабылдау – ізденбей, терең қазбаламай. Олардың шын мәнінде айналысуы тиіс нәрсесі – құлшылықтар. Ал құпия ілімдердің сырын зерттеуге кірісулері – малдардың патшалық құпиясын білуге тырысқанындай бекершілік.

материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: