30
Жұма,
Қаңтар

һижри

Пәлен қауымның мешіті деп айту дұрыс па?

Пәлен қауымның мешіті деп айту дұрыс па?

Ислам тарихы

Абдулла ибн Омар (р.а.) айтты:

«Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) суытылған аттармен әл-Хафиа деген жерден Сәнийаат ул-Уадағ деген жерге дейін суытылмаған (жаратылмаған) аттардың арасында Сәнийат ул Уадағтан Бәни Зұрайқ мешітіне дейін бәйге жарыстыруды бұйырды»,- деді. Бәйгешілер арасында Абдулла ибн Омар да бар болатын.

Әнас (р.а.) айтты: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Бахрейіннен мал- дүние (алтын-күміс) келтірілді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны мешіттің ішіне төгіңдер»,- деп бұйырды. Бұл Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бұрынырақта жіберілген дүние-мүлікке (алтын-күміс) қарағанда көбірек еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйіліп жатқан ақша-дүние жаққа қарамастан, намазға шықты. Намазды оқып бітіргеннен кейін ғана мал-дүниенің қасына келіп отырып, оны көзіне көрінгендердің бәріне үлестіре бастады. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанына әл-Аббас келіп айтты: «О, Алланың елшісі, маған да бір нәрсе берсеңіз, өйткені мен (Бәдір соғысында) өзіме және інім Ғақил үшін фидия берген болатынмын»,- деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алыңыз!»,- деді. Сода Аббас (р.а.) шапанына толтырып күмістен салды. Кейін кетер кезде оны көтере алмады. Сонда ол: «Я Расулулла, біреуіне айтсаңыз, оны көтеріп менің арқама салып жіберсін!»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ!»,- деді.

Сонда Аббас: «Онда өзіңіз көтерісіп жіберіңіз!»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жоқ»,- деді. Сол кезде Аббас алған дүниесінің бір бөлігін қайтадан төгіп, қалғанын көтеріп еді, тағы да көтере алмады. Содан ол қайтадан: «О, Алланың елшісі, біреуіне айтсаңыз, мынаны көтеріп, арқама салып жіберсін!»,- деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ!»,- деді. Аббас тағы да: «Онда өзіңіз көтерісіп жіберіңіз!»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ!»,- деді. Осыдан кейін Аббасқа күмістің тағы бір бөлігін төгіп тастауына тура келді. Содан кейін ғана Аббас иығына көтеріп, арқалап алып шығып кетті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аббастың мал-дүниеге (ақшаға) көрсе қызарлық еткеніне қайран қалып, көзіне көрінбей кеткеніне дейін оның артынан қарап тұрды. Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүние-мүлік ақшаның барлығының ең соңғы дирхемін таратып бергенге дейін орнынан қозғалмады.

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: