04
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Жақсы сөйлеу – жақсы адам болудың дәлелі емес

Жақсы сөйлеу – жақсы адам болудың дәлелі емес

Ислам тарихы

Адамның тәтті сөзіне бірден сеніп қалмаңдар. Жақсы сөйлеу — жақсы адам болудың дәлелі емес.


Түйе Меккеге қанша барып келсе де, қажы болмайды. Есек жүк тасығанымен, әулие атанбайды.

Амал көп болуы мүмкін, сөз көркем болуы мүмкін, бірақ мән  – сыртқы кейіпте емес, ішкі болмыста.

Алла Тағала тілге емес, жүрекке қарайды. Шынайылық жоқ жерде — сөз де, амал да, ғибадат та салмақсыз.

Маңыздысы – зат емес, сипат. Көрініс емес –  ниет. Сөз емес –  жүрек.

Тіліңді байла (бәнд қыл), көзіңді жұм, құлақты тарс біте (пенделік сөзге)! Сосын сенің жүрегіңде Жар сырлары ашылмаса маған кел.

Сөзін таразыламай сөйлеген алған жауабына да ренжімесін...

материал «Көңіл сұлтаны» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: