04
Сенбі,
Сәуір

һижри

Рамазан оразасына қатысты қатаң ескерту

Рамазан оразасына қатысты қатаң ескерту

Ислам тарихы

Рамазан айы – құлшылық айы. Бұл айда адам өзіне көп көңіл бөлуі керек және мүмкін болғанынша көп құлшылықтарға ниеттеніп, оларды амалға асыруға тырысу қажет.

Мұсылман адам Рамазан айында ауыз бекітумен қатар мынадай қосымшша сауапты істер жасауына болады: Тәубе ету Алла Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар – залымдар» (Хужурат 49: 11).

Аса Мейірімді Алла тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әр уақытта қабылдайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп баяндайтын: «Маған Жәбрейіл періште келіп: «Уа, Мұхаммед! Рамазан айына жетіп, сонда да кешірімге ие болмаған адам Отқа кіреді, әрі Алла оны Өзінен алыстатады. «Әмин!», – деп айт», – деді. Мен: «Әмин!», – дедім» (Ахмад, Ибн Хиббан, әт-Табарани “әл-Кәбир”).

Тәубе еткісі келген адам үшін тәубе есіктері ажалы жетпейінше ашық тұрады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла құлының тәубесін ол жан тәсілім етердегі қырылын білдірмейінше қабыл етеді», – деген (әт-Тирмизи 3537, Ибн Мәжаһ 4253. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген).

Осы айға жетемін деп армандаған, бірақ дегендеріне жете алмаған қаншама адамдар бар еді. Олар қабірлерінде, ізгі істерін арттыра да алмайтын, көптеген күнәлары үшін кешірім де сұрай алмайтын кепілге алынған тұтқынға айналды. Сондықтан да ешкім, күнәлары қандай үлкен болса да, тәубе ету мүмкіншілігін назарсыз қалдырмасын, өйткені Алла Тағала былай деді: «Әй, Менің өздеріне зұлымдық жасаған құлдарым, Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Шын мәнінде, Алла күнәларды толығымен кешіреді: өйткені Ол – аса Кешірімді, Мейірімді!» (әз-Зүмар 39: 53).

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күнәсы үшін тәубе еткен адам күнә жасамаған адаммен тең», — деді (Ибн Мәжаһ 4250. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 3008).

Сондықтан да адам Алланың мейірімінен күдер үзбеуі және күнәлары мен айыптарының көп екенін әрі олардан құтыла алмайтынын сылтауратып, мойынсұнбаушылықтары мен күналарын жалғастырып, Мейірімді Раббысын ызаландырмауы қажет. Алайда Раббымыз Кешірімді әрі Мейірімді екенін, бірақ Ол Өзінің кешірімі мен мейірімін тек белгілі шарттар орындалған кезде, нақтырақ айтқанда, адам Алла Тағалаға толық әрі ықыласты тәубемен жалбарынғанда ғана нәсіп ететінін білу керек. Тәубе етудің үш шарты бар:

1) Күнә жасауды тыю,

2) Күнә жасағаны үшін өкіну,

3) Болашақта ешқашан осындайды жасамауға бел байлау.

Егер осы шарттардың біреуі болса да орындалмаса, онда тәубе қабыл етілмейді. Ал егер жасалған күнә басқа адамға зиянын тигізетін болса, онда тәубенің төрт шарты орындалуы керек. Нақтырақ айтсақ, жоғарыда аталған үш шартқа қоса зардап шеккен кісіден кешірім сұрау әрі егер іс материалдық құндылықтарды заңсыз тартып алуға қатысты болса, оны иесіне қайтару («әл-Әзкар» 321, «Рияду-с-салихин» 28).

 

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: