15
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Дәретхана әдебі: Құбылаға қарап отырмау

Дәретхана әдебі: Құбылаға қарап отырмау

Ислам тарихы

Тазалық қоғамда түрлі аурулардың таралуына тосқауыл қояр негізгі себеп екеніне күмән жоқ. Дініміздің тазалыққа өте мән беріп, адамдарды оған үгіттеуінің де басты сыры – осында.

Осындай хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі лағынеттеушіден сақтаныңдар!» – дегенде, адамдар: «Иә, Алланың елшісі екі лағынеттеуші дегеніңіз кімдер?» – деп сұрады. Сонда ол: «Олар адамдар жүретін жолға не олар көлеңкелеп отыратын жерлерге дәрет сындырушылар», – деген (Муслим, Ахмад,Әбу Дауд)».

Құбылаға қарап дәрет сындырудың үкімі – мәкруһ тахриман. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Түзге шыққандарыңда құбылаға түзу қарап та, теріс қарап та кіші және үлкен дәрет сындырмаңдар. Алайда (құбыланы) оң жақтарыңда немесе сол жақтарыңда қалдырыңдар» (Бұхари, Мүслим, Ахмад, Әбу Дауд, Насаи, Ибн Мәжа). Салман (р.а)  атты сахаба былай деді: «Үлкен немесе кіші дәрет сындырғанда құбылаға қарап отыруымызға, оң қолмен тазалануымызға, үштен кем кесек таспен тазалануымызға, сүйек немесе тезекпен тазалануымызға тыйым салынды» (Мүслим).

Осының негізінде сәбиді де құбылаға қаратып тоспаған жөн. Пәтер ішіндегі құбылаға қаратылып қойылған әжетханада құбыла мен адам арасында қабырғаның бар екенін есепке алсақ, мұндай әжетхананы қолданудың  сөгістігі жоқ.  Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбир (р.а) атты сахабасы былай деген: «Пайғамбар құбылаға қарап дәрет сындыруымызға тыйым салған еді. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын (қабырға артында) құбылаға қарап отырғанын көрдім»(Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мажа).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: