21
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тамақтың соңында былайша дұға жасау – сүннет

Тамақтың соңында былайша дұға жасау – сүннет

Ислам тарихы

Тамақтың соңында былайша дұға жасау – сүннет:

«Әлхамду лилләһи-лләзи әтғамәнә уә сәқанә уә жәғаләнә мин-әл-муслимин. Аллаһуммә-рхам сахибә һәзә-тағәми уә-л-әкилин.»

Мағынасы: "Біздерді ішкізген, жегізген Аллаға мақтаулар болсын. Я, Алла осы тағамның иесіне және осы тағамды жеушілерге рахымыңды төк!"

"Бисмилләні" жария, ал, дастарқан дұғасын іштей айтқан абзал болады.

Негізінде, мұсылман адам тамақ ішу үшін өмір сүрмейді, керісінше, тіршілігін жалғастырып, Аллаға құлшылық қылуға, ізгі амалдар жасауға күш-қуат жинау үшін тамақтанады. Сол себепті тамақ ішкенде шектен шықпай, ысырапшылдықтан сақтанып, денсаулығымызға пайдалы тағамдарды тұтынып, зиянды заттардан бас тартуымыз керек. Өйткені, денсаулық – Алланың бізге берген аманаты. Бабаларымыз да «Ауру – астан» деген даналыққа толы сөзді бекерге айтпаса керек. Біз жоғарыдағы тамақтанудың әдептерін орындайтын болсақ, бір жағынан, денсаулығымызға зиян келтіруден сақтанамыз, екінші жағынан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с өсиеттеріне амал еткеніміз үшін тамақтануымыздың өзі құлшылыққа айналады.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: