Пайғамбарлардың жоғары дәрежедегі ахлақтарынан осы тамаша халдерге байланысты бірнеше мысал келтірелік:
Хазіреті Яқуб (аләйһиссәләм) үсті-үстіне келген қиыншылықтарды, «Маған тиесілі нәрсе тек қана тамаша сабыр» - деп баяндаған.
Адам төзгісіз аурумен бәлеге тап болған Әйюб (аләйһиссәләм), әйелінің: «Раббыңа дұға етсеңші, бұл ауыртпалықтарыңнан бір жола айығасың» деген сұранысына:
«Хақ Тағала маған сексен жыл сау денелі өмір берді. Әлі соншалықты ауырмай тұрып, денсаулық сұраудан ұяламын» деп, жауап берген. Ибраһим (аләйһиссәләм) да отқа тасталарда көмекке келген періштелерге:
«Отты жандыратын кім? Сол менің халімді біледі. Сендерден ештеңе сұрамаймын!» - деген.
Нәпсінің тазаруы жолындағы асатын асулар - осылар. Сонымен қатар кемел адамдарға қызмет жағынан берілетін бір саты тағы бар. Оны кәміл нәпсі немесе таза нәпсі деп атайды.
Кәміл нәпсі тазару нәтижесінде (жамандықтардан) арылған, таза, пәк, ұлық және кемелденген нәпсі деген сөз. Бұл мәртебеде барлық мағрифат сырлары ашылған және тек Алла Тағала тарапынан сыйлық ретінде берілген мәртебе болып табылады.
Бұл мәртебеге тек еңбекпен, құлшылықпен қол жеткізілмейді, қасиеті мен басқа да ерекшеліктері тағдырдың сырында жасырылған. Толығымен иләһи сый.
Кәміл нәпсіге жеткендерге көбінесе жол көрсету (иршад) қызметі берілетіндіктен, бұл мәртебені «иршад мәртебесі» деп те атайды. Алла Тағала осы мәртебедегілердің халдері, іс-әрекетіндегі кемелдіктері арқасында адамдарды надандықтан оятады. Мұндай адамдар пасық біреумен кездессе, сол пасықтың халін түсінеді, рухани ауруларының дәрісін, хал тілімен оларға білдіреді. Пасық егер жүрегіне мөр басылмаған болса, ынсапқа келіп, күнәларын мойындап, надандықтан оянады.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz