26
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жаңбыр жауғанда, сырқат болғанда мешітке бармай, үйде намаз оқу мәселесі

Жаңбыр жауғанда, сырқат болғанда мешітке бармай, үйде намаз оқу мәселесі

Ислам тарихы

Нафиғ риуаят етті:

«Ибн Омар суық және жел (боран) болып тұрған түнде намазға азан айтты. Кейін «Намазды үй-жайларыңызда оқи беріңіздер. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) азаншыға: «Жаңбырлы суық түндерде намазды үй-жайларыңызда оқи беріңіздер деп айтуды бұйыратын»,- деді.

Махмуд ибн әр-Рабиғ (р.а.) риуаят етті: «Ғатбан ибн Мәлік көзі көрмейтін қалде қауымға имамдық ететін еді. Бір күні ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «О, Расулалла, түн өте қараңғы болады, сел болады, мен болсам көзі көрмейтін адаммын, менің үйіме барып бір жерде намаз оқып беріңіз, сол жерді намаз оқитын жер қылып алайын»,- деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның үйіне келіп: «Қай жерде оқып беруімді қалайсың?»- деді. Ол бір жерді көрсетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол жерде намаз оқып берді.

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: