26
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Мәрзия – Алла оларға разы болғандардың мәртебесі

Мәрзия – Алла оларға разы болғандардың мәртебесі

Ислам тарихы

Разия мәртебесіндегілердің бұл мәртебедегі барлық берекеттен (фәйз) пайдалану үшін Алла Тағала да оларға разы болуы қажет. Яғни құлдың Аллаға разы болуы жетпейді, кемел өсу үшін Алла да құлынан разы болуы керек.

Басқаша айтқанда Хақ Тағалаға ризалығымыз оның ұлы ризашылығына жете алатындай дәрежеде болуы шарт. Бұл рухани дәреже орындалған жағдайда «мәрзия» сипаты Аллаға тән болғанымен, құлдың осыған қол жеткізген амалдарының берекесімен құл да бұл мәртебеге ие болады. Сондықтан разия - Аллаға риза болғандардың, ал, мәрзия – Алла оларға разы болғандардың мәртебесі.

Алла Тағала риза болған нәпсі мәрзияда жаман қасиеттер жоғалып, тамаша қасиеттер мен жағымды әрекеттер дамыған. Тіпті, жаратқаны үшін жаратылғандарға арналған мейірім, сүйіспеншілік, жомарттық, кешірімділік пен нәзіктіктен ләззат алады. Бұл мәртебедегі мүмин нәпсісін кәміл түрде сын тезіне салып, оны бақылауға алады. Әр дем сайын өз нәпсісі мен ой санасын аңдып, шайтани алдауларға қарсы немқұрайдылық танытудан сақтанады.

Және осы мәртебедегі құл әрбір жағдайда жан-тәнімен Хаққа мойынсұнады. Алладан келген қаһар немесе мейірімділік көріністерінің екеуіне де көрсеткен ризашылығының берекетімен мәңгілік әлемге көшкен кезде, иләһи ризашылықпен сүйіншіленіп, оған жәннат шекпені кигізіледі.

Жоғарыда айтылған Алланың: «Сен Оған, Ол да саған разы болып, Раббыңа қайт!» («Фәжр» сүресі 28-аят) деген аятындағы «Раббың да саған разы болған түрде» үкімі осыны білдіреді.

Сонымен қатар «Бәйинә» сүресінің 8-аятындағы: «Алла оларға риза болып, олар да Аллаға риза болған…» деген сөзі де осы ақиқаттың басқа бір көрінісі. Осы халге және ақиқаттарға жеткен құл енді оқиғаларды «хаққал яқин» (қолмен ұстағандай) мәртебесінен тамашалайды. Алланың рұқсатымен кейбір ғайби сырларды да білуі мүмкін. Алла Тағала ризашылығы, тәуекелі және мойынсұнғаны себебімен мұндай құлдарының бейне көретін көзі, еститін құлағы, сөйлейтін тілі, ұстайтын қолы болады. Олардың халін, сөзін және тамаша мінезін өзгелерге әсерлі етеді.

Яғни, нәпсі разия мәртебесінде көрген кемелдік көріністерін, енді өзі де татып, сол күйлерге бөленеді. Сабыр, тәуекел, мойынсұну мен ризашылық сияқты қасиеттер, оның іс-әрекеттерінде басымдылық танытады.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: