«Қиямет күні олардың барлығы Оның алдына сопайып жалғыз келеді» («Мәриям», 95)
Өзің жалғыз... Жинап терген дүниең, сені шұғылдандырған сүйікті жұмысың, қамқорлық қылған отбасың, ешқайсысы болмайды. Тек сен және амалдарың ғана!
Сұлтан Сүлейман жанындағы адамдарға былай айтқан екен: «Мен өлген кезде екі қолымды табыттан шығарып қойыңдар! Адамдар патшаның өзі бұл дүниеден құр алақан қайтатынын білсін».
Дүние-мүлік табу үшін жұмыс жасаудың еш оқасы жоқ, алайда ақырет ұмытылып кетпеуі керек. Әдемі үй салғанның еш айыбы жоқ, алайда қабірді де ұмытпау қажет.
материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz