22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) үмметіне арнаған дұғасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) үмметіне арнаған дұғасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Абдуллаһ ибн Амр әңгімелейді:

«Расул Әкрам (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ибраһимнің (а.с.) «Ей, Раббым! Олар талай адамды жолдан тайдырды» (14/36) деген сөзі мен хазірет Исаның (а.с.) «Егер оларды азаптайтын болсаң, олар да сенің құлдарың» («Мәидә», 5/118) деген дұғасын оқығаннан кейін екі қолын жоғары көтеріп: «Ей, Алла! Үмбетімді қалаймын. Аллам! Үмбетімді қалаймын. Аллам, Үмбетімді қалаймын», – деп дұға етіп, көз жасына ерік берді. Алла тағала: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке баршы. Не үшін жылап отырғанын білші», – деді. Жәбірәйіл Әмин келіп, Пайғамбарымыздан не үшін жылап отырғанын сұрады.

Алла расулы жылау себебін айтқан кезде, Алла тағала Жәбірейілге: «Мұхаммедке барып айт. Үмбеті үшін уайым жемесін. Оны сөзсіз шаттыққа бөлейміз» деді.

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: