22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) Исламға шақыруын қабылдамағандар

Пайғамбардың (с.ғ.с) Исламға шақыруын қабылдамағандар

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбардың (с.ғ.с) Исламға шақыруын қабылдамағандар:

Әбу Жәһіл

Мұғира ибн Шұғба былай дейді: «Алла елшісін (с.а.с.) алғаш рет Әбу Жәһілді мұсылман болуға шақырып тұрғанында көрдім. Әбу Жәһіл екеуміз Меккеде бір көшеден өтіп бара жатып, Алланың расулымен  кездесіп қалдық. Пайғамбарымыз Әбу Жәһілге: «Әй,  Әбул-Хакәм! Сені Аллаға және расулына, Құранға сенуге шақырамын», – деді. Әбу Жәһіл: «Ей, Мұхаммед!

Тәңірлерімізге тіл тигізуден бас тартасың ба? Сенің  айтқандарыңа куәгер болғанымызды қалайсың ба?  Айтқандарыңның рас екенін білсем, әлдеқашан саған бағынар едім ғой», – дейді.

Расулалла қасымыздан кеткеннен кейін, Әбу Жәһіл маған: «Несіне өтірік айтайын, Мұхаммедтің айтқандарының шындық екенін білемін. Бірақ бір нәрсе мені қинайды: Оның бабаларының бірі – Бәну Құсай: «Қағбаның кілті бізде болады», – деді, келістік.  «Қажыларға су ұсыну міндетін біз орындаймыз», –  деді, оны да қабылдадық. «Соғыс пен келісімге келу талқыланатын, неке қиылатынмәжілісті бізжүргіземіз»,  – деді, оны да құптадық. Тіпті «Ту көтеріп, қол бастауға біз лайықпыз», – деді, оған да ештеңе деген жоқпыз.  Енді «Нәби де бізден шықты», – дейді. «Жоқ, бұған басымды кесіп алса да, көне алмаймын», – деді.

Уәлид ибн Мұғира

Бір күні Уәлид ибн Мұғира Расулалланы (с.а.с.)  арнайы іздеп барады. Пайғамбарымыз оған Құран  оқып, дінді біраз насихаттағаннан кейін, Уәлид ибн  Муғира жұмсарғандай сыңай танытады. Бұл хабар Әбу  Жәһілге жетеді. Ол дереу Уәлидке жетіп барып: «Көке!  Қауымың сен үшін мал жинап жатыр», – дейді. «Неге?»  – деп сұрағанда, «Саған жиып бермек, өйткені сен  Мұхаммедтің сөздерін қабылдауға келді деген хабар тарады», – дейді. Уәлид ибн Мұғира: «Қой, менің дәулетті  адам екенімді бүкіл Құрайыш біледі ғой», – деп жауап  береді. Әбу Жәхіл: «Онда маған Мұхаммедтің айтқанын  қабылдамағаныңды білдіретіндей бір сөз айт, қауымыңа  жеткізейік», – дейді. Уәлид: «Не айтсам екен? Расында,  сендердің араларыңда өлеңге менен жүйрік ешкім жоқ.  Арабтардың өлең ырғағы мен бәйіттерін менен артық  ешкім білмейді. Мұхаммедтің айтқандары бұлардың  ешқайсысына ұқсамайды. Айтқан сөздері айқын, тартымды, әсем, әрі жүрекке жылы тиеді, мағынасы да  терең, аса мәнді. Өзгемен теңестіру қиын. Ақиқаты мынау: сендер оны жеңе алмайсыңдар. Арынын тежей  алмайсыңдар», – дейді. Қулығына құрық бойламайтын Әбу Жәһіл осал тұсың осы-ау деп: «Егер бұлай десең,  халқың сені жақтыра қоймас», – дейді «Ендеше, тоқтай  тұр, ойлануға мұрсат бер», – деп, ары ойланып, бері  толғанып, ақыры «Мұхаммедтің айтқаны адамды жадылап алатын сиқырдан өзге түк емес, бұл жаман әдет  басқаларға да жұғады» деген шешімге келеді94. Сонда мына аяттар түседі: «Мал-мүліксіз, отбасынсыз,  жападан-жалғыз жаратылып, кейіннен көптеген мал-мүлік пен байлық, ұрпаққа ие болған сол адамды Маған тапсыр!» («Мүддәссир», 74/11-14)

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: