22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбарды (с.ғ.с) келеке еткендерді Жәбірейілдің жазалауы

Пайғамбарды (с.ғ.с) келеке еткендерді Жәбірейілдің жазалауы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді:

«Бірде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккеде өзара әңгімелесіп отырған бір топ кісінің тұсынан өтіп бара жатқан болатын. Әлгілер Алла расулын сыртынан бір-біріне нұсқап: «Мына кісі өзін пайғамбармын, қасымнан Жәбірейіл бір елі қалмайды» дейтін көрінеді, – деп бір-біріне көз қысып әжуалай бастайды. Сол сәтте Жәбірейіл (а.с.) оларды саусағымен нұсқауы мұң екен, әлгілердің денесінде тырнақтай жаралар пайда болады. Денелеріне түскен жаралардан шошынған мүшріктердің зәре-құты қалмады және осыдан кейін олардың қасына ешкім жоламай қойды. Осы оқиғадан кейін Алла тағала «Сені келеке еткендерге біз жазасын береміз», – деген (Хижір 15/95) аятты түсірген болатын».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: