26
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтудың сауабы

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтудың сауабы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Үбәй ибн Кағыб әңгімелейді:

«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түннің үштен екі бөлігі өткен кезде орнынан тұрып:

– Уа, халайық! Алланы еске алыңдар, Алланы еске алыңдар! Бірінші сұр үрленді. Көп ұзамай екіншісі де үрленеді. Өлім, содан кейін есеп беретін сәт таяды, – деуші еді. Сонда мен:

– Уа, Алланың елшісі! Мен саған көп салауат және сәлем жолдаймын. Қанша салауат келтірсем жақсы болады? – деп сұрадым.

– Өзің біл. Қалағаныңша айт,– деді Алла елшісі.

– Дұғаларымның төрттен бірін саған салауат айтуға арнасам қалай болады?

– Өзің білесің. Бірақ одан да көп айтсаң өзіңе жақсы, – деді.

– Онда үштен екі бөлігін саған салауат айтуға жұмсайтын боламын,– дедім тағы да. – Өзің білесің. Қаншалықты көп болса, соншалықты өзіңе жақсы.

– Олай болса, мен дұғаларымның барлығын саған салауат айтып, сәлем жолдауға арнайтын боламын, – дегенімде, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Онда қиыншылықтардан құтылып, күнәларың кешіріледі, – деді»

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: