22
Жұма,
Қараша

һижри

Құранның Алла Елшісіне үйреткен дұғалары

Құранның Алла Елшісіне үйреткен дұғалары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Құран кәрім пайғамбарлардың өмірлерінің арнайы тұстарын сөз ете отырып, оларды нәтижелендіреді. Соңғы нәбиге де Құран көптеген тұста дұғалар үйретіп, сол дұғалармен Раббына бетбұруын қалауда. Міне, ол дұғалардың кейбірі:

1. «(Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай көр деп сиынамын: Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен, түйіншектерге үрлеп дуалайтын дуашылардың кесірінен, сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп сиынамын)» («Фұрқан» сүресі, 77-аят).

2. «(Оларға) айт: Сақтай көр деп сиынамын адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне, әзәзіл шайтанның кесірінен, адамдардың көкірегіне уәсуәса салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай гөр деп сиынамын деп айт), (Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да шығады)» («Фалақ» сүресі, 1-5-аяттар).

3. «Былай деп дұға ет Уа, Раббым! Маған қандай да бір жерге аяқ басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде кіруді, сондай-ақ ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған мықты қолдау көрсетіп, айқын дәлел бергейсің» («Исра» сүресі, 80-аят).

Бұл аятта шамамен һижрет кезінде Меккеден шығу мен Мәдинаға кіру айтылуда. Соңғы нәбидің мұһажир болу сипаты осы аятпен кейбір имани сипаттарға негізделіп, әрі осы сипаттар арқылы пайғамбарын иләһи қолдау мен билікке жетудің жолы ашылған.

4. (Уа, Мұхаммед!) «Уа Раббым! Бір Өзің жарылқап кешіре көр! Мейіріміңе бөлей көр! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысы әрі ең мейірімдісісің» - деп дұға ет» («Муминун» сүресі, 118-аят).

5. «Раббым, ілімімді арттыра көр», - деп дұға ет («Таһа» сүресі, 114-аят).

Ардақты пайғамбарымыздың дұға тәрбиесі Алладан бірнәрсе сұрағанда көрсеткен терең әрі ұғымталдық әдебі дұға етердегі іс-әрекеті оның ізбасарлары үшін пайғамбарлық мағрифатының сыртқа көрінген тұстары, кемелденген пайғамбарлық жемістері мен дәріс алынуы керек иман тәрбиесі.

материал «Пайғамбар құлшылығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: