22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбарға (с.ғ.с) уахи мынадай мәртебелермен келген

Пайғамбарға (с.ғ.с) уахи мынадай мәртебелермен келген

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Уахидың келуі хақында Құранда нақты мағлұмат жоқ. Бірақ бұл мәселені хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) сөздерінен байқауға болады. Хазіреті Елшіге (с.а.с.) уахи мынадай мәртебелермен келген:

1. Уахидың алғашқы мәртебесі түсінде көрген ақиқат түстері. Ол алдын ала болатын жайттарды түсінде көре бастаған. Бұл жайлы хазіреті Айша: «Алла Елшісінің көрген түстерінің бәрі таңғы шапақтай ап-анық келетін», – дейді.

2. Жебірейілдің Алла Елшісінің ояу кезінде жүрегіне уахиды салуы.

3. Жебірейіл періште жас жігіттің түрінде Алла Елшісіне уахиды әкелуі. Кейде аса көркем, сымбатты Дихия деген сахабаның түрінде келген. Бұл уахидың ең жеңіл келген түрі болған.

4. Қоңырау үніне ұқсайтын түрде келген уахи. Бұл уахидың ең ауыр мәртебесі еді. Уахидың осы түрі ескерту мен қорқытуды қамтыған аяттарға тән. Мұндай уахи келгенде хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) уахи келіп біткенге дейін қатты дірілдеп, сөздің салмағынан қорыққан. Уахи аяқталғанда Құран сөздері жүрегінен орын алған. Бір хадисте Алла Елшісі уахидың ең ауыр түрін былайша баяндайды: «Кейде маған қоңырау үніне ұқсас үнмен келеді. Бұл маған ең ауыр тигені. Ол уахиды жеткізіп қайта кететін еді».

5. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) Миғраж түнінде Алла Тағаламен тілдесуі түріндегі уахи. Алла Елшісі Миғражда бес уақыт намаз бен «Бақара» сүресінің ақырғы екі аятын тікелей Ұлы Жаратушыдан алған.

6. Жебірейілдің нағыз өз түрімен көрініп, илаһи жарлықты жеткізуі. Ол осы түрімен екі рет көрінген. Біріншісі, пайғамбарлықтың басталған жылдары Хира үңгірінде көрінгені. Ол заман алғашқы уахидың келіп, тоқтап қалған кезі еді. Кейіннен Алла Елшісі Хира үңгірінде жүргенде, кенеттен көктен жаңғырған дауыс естіген. Аспанға қарағанда Жебірейілдің көк пен жердің арасында тақта отырғанын көрген. Мұншалық аспан мен жер арасындағы орасан зор келбетін көрген ол шыдай алмай талып құлаған. Кейіннен екінші рет Миғражда көрген. Бұл уақытта хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) бұрынғыдай қорықпаған.

материал «Мәңгі мұғжиза» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: