27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алла Елшісінің (с.ғ.с) төрт халифа үшін жасаған дұғалары

Алла Елшісінің (с.ғ.с) төрт халифа үшін жасаған дұғалары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хаббаб ибн Әрат (р.а.) Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былайша риуаят етеді:

«Аллам! Мына екі кісінің қайсысы саған сүйкімді болса, онымен Исламға қуат бер, олар: Омар ибн Хаттаб және Әбу Жәһил ибн Хишам».

Әбу Саид былай дейді: «Расул Әкрам (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Османға былайша дұға етті: «Ей, Алла! Мен Османға ризамын, Сен де оған разы бол». Ибн Аббас Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Алиге (р.а.) былайша дұға еткенін айтады: «Аллам! Алиге жәрдем ет. Ол арқылы басқаларына да жәрдем бер. Оны жақсы көргендерді сен де жақсы көр. Оған тісін қайрап кек сақтаушыларды жек көр. Оған қолқанат болғандарға Сен де жәрдем ет. Оны жалғыз тастап кеткендерді Сен де жәрдеміңнен мақрұм қыл, – деді».

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз отбасына қатысты дұғасы

Үммү Сәләма (р.анһа) анамыз әңгімелейді: «Алла расулы қызы Фатимаға:

– Күйеуің мен екі балаңды маған ертіп әкел, – деді. Фатима (р.анһа) әкесінің сөзін екі етпеді. Хайбар соғысы кезінде түскен олжадан маған сыйға тартқан матаны астарына төсеп отыру үшін оларға берді. Содан кейін:

– Ей, Алла! Бұлар – Мұхаммедтің отбасы. Ибраһимнің (а.с.) отбасына рақымың мен берекетіңді аямағаныңдай, бұлардан да рақымың мен берекетіңді аяма. Сен қандай да мақтауға лайықсың. Ұлылардың ұлысысың, – деп дұға етті».

Расулалланың (с.а.с.) Хасан мен Хұсейінге қатысты дұғасы

Ибн Мәсғуд айтады: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хасан мен Хұсейінге былайша дұға етті: «Аллам! Мен бұларды жақсы көремін. Сен де сүй. Кім осыларды жақсы көрсе, мені де жақсы көргені».

Алла елшісінің Аббас (р.а.) пен оның балаларына қатысты дұғасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла расулының былайша дұға еткендігін айтады: «Аллам! Аббас пен оның балаларының ашық және жасырын істеген күнәларын кешіре гөр. Аллам! Оның балаларын да өзі сықылды жақсылардан қыл».

Абдуллаһ ибн Аббасқа былайша дұға еткен болатын: «Аллам! Оған кітабыңды үйрет. Оны дінде ойөрісін кең (фақиһ) қыл».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: