25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Мұхаммед (с.ғ.с) болмағанда әлем жаратылмас еді» деу шариғатқа қайшы емес пе?

«Мұхаммед (с.ғ.с) болмағанда әлем жаратылмас еді» деу шариғатқа қайшы емес пе?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Кейбір кітаптарда: «Мұхаммед (с.а.у.) болмағанда мына әлем жаратылмас еді» делінген. Мұндай сөз шариғатқа қайшы емес пе?

Алла Тағала адамзатты Өзін танып, құдіреті мен шеберлігінің алдында бас иіп, Өзіне ғана ғибадат етсін, құлшылық жасасын деп жаратқан. Ендеше, адамның жаратылуындағы негізгі мақсат – Ұлы Жаратқанға құлшылық жасау. Құлшылық жасап, ғибадат ету үшін ең алдымен Ұлы Жаратқанды тану қажет. Ал әлсіз адам шексіз Алла Тағаланы қалай танымақ? Танудың негізгі жолдарының бірі – жаратылысқа қарап Жаратқанды табу, туындыға қарап Ұстасын білу. Міне, сондықтан Алла Тағала мына әлемді өзінің шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен білімін, басқа да кемел сипаттарын танытар көрме іспетті жаратқан.

Алла Тағаланың мына әлемді өзінің құдіретін паш ету үшін жаратқандығы жайлы Құранда: «Алла Тағала жеті қат аспанды және жерден деоның ұқсасын жаратты. Алланың әмірі (мен үкімі)бұлардың арасында түсіп тұрады. (Мұның бәрі) АллаТағаланың әр нәрсеге құдіретті әрі білімінің барлық нәрсені қамтығанын білулерің үшін (жаратылды жаратылыстарда мұнан басқа, тіпті бұл мақсаттардан да жоғары өзге хикметтері бар екені белгілі. Бірақ бұл жерде Алла Тағала адам баласына берген өзінің нығметтері мен бұл жаратылыстардағы пайдаларды түсіндіруде.

Егер «бұл іс мынандай мақсатта жасалынды» делінсе, мұндай сөз ол істің басқа мақсаттар үшін де жасалуына бөгет емес. Дәл осы тәрізді «мынау болмағанда бұны жаратпас еді» делінген сөз де оның одан да үлкен хикметтер мен мағыналар үшін жаратылуына бөгет емес. Тіпті, адам ұрпақтарының арасындағы ізгі кісілердің ең кемелі Мұхаммед (с.а.у.) болғандықтан және оның (с.а.у.) жаратылуы негізгі мақсат және басқа жаратылыстардан да жоғары хикметке саналғандықтан, Мұхаммед (с.а.у.) арқылы жаратылыстың шыңы және кемелдіктің ең жоғары деңгейі жүзеге асты».

Иә, Ибн Тәймия «Ғалам Мұхаммед (с.а.у.) үшін жаратылды» делінген сөздің әлемнің басқа да мақсаттар үшін жаратылуына бөгет емес екенін білдіреді. Сондайақ, ғаламның жаратылуындағы негізгі мақсаттың кемел деңгейде Мұхаммед (с.а.у.) арқылы жүзеге асқандығын, сондықтан «Ғалам Мұхаммед үшін жаратылды» делінген сөзді дұрыс қырынан түсінуге болатындығын алға тартады.

Қысқасы, мұндай сөздердің астары мен мәніне терең бойламай жатып, «қате» деп асығыс үкім беру көп жағдайда мұсылмандар арасында бүлікке, діни дүрдараздыққа себеп болады. Сондықтан парасатты мұсылман мұндай мәселелерде әрдайым байып сақтап, ислам ғұламаларының пікіріне жүгінгені жөн.

материал «Дін мен діл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: