25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Көз тию құбылысының бар екендігіне хадистерден дәлелдер

Көз тию құбылысының бар екендігіне хадистерден дәлелдер

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Көз тию құбылысының бар екендігіне хадистерден дәлелдер:

1.Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Көз тию - хақ», - деген (Бұхари, Мүслим риуаят еткен).

2.Айшадан (р.а) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланың атымен көзден сақтаныңдар, шындығында көз тиюі – хақ», - деген (Ибн Мәжә риуаят еткен).

3.Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Көз тию – хақ, тағдырды озып кететін бірнәрсе болса ол көз тию болар еді. Біреуіңнің көзің біреуіңе тисе ол үшін шомылыңдар», - деген (Мүслим риуаят еткен).

4.Асма бинт Умайс (р.а): «Уа, Расулалла! Жағфар әулетіне көз тиді, дұға оқиын ба?» - деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с): «Иә, егер тағдырдан озатын бірнәрсе болса ол көз болар еді», - деген (Ахмад, Термези риуаят еткен).

5.Әбу Зәрдан (р.а) риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Шындығында көз адамға Алланың қалауымен әсер етеді, ол биікке шыққан адам көз тиюден құлайды», - деген (Ахмад, Әбу Йағла риуаяты).

6.Ибн Аббас риуаят еткен хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Көз тию хақ, биікке шыққанды құлатады», - деген (Ахмад, Табарани риуаяты).

7.Жәбірден риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Көз адамды қабірге, түйені қазанға кіргізеді», - деген (Әбу Нуғайм риуаяты).

8.Жәбірден риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с): «Үмметімнің Алланың тағдыр-талайынан кейінгі көп өлімі көзден болады», - деген (Бұхари риуаяты).

9.Айшаның (р.а) айтуынша Расулалла (с.ғ.с) көзге қарсы дұғалар оқуға бұйырған (Бұхари, Мүслим риуаяты).

10.Әнәс ибн Мәліктен (р.а) риуаяты бойынша Расулалла (с.ғ.с) көз тиюге, жәндіктердің шағуына және түрлі жараларға қарсы дұға оқуға рұқсат берген (Мүслим риуаяты).

11.Үмму Сәләмадан (р.а) риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с) өзінің үйіндегі қызметші әйелдің жүзінен шайтанның әсерін көріп: «Мынаған көз тиген екен, дұға оқыңдар», - деп бұйырған.

12.Жәбірден риуаят етілген хадисте Расулалла (с.ғ.с) Хазм әулетіне жыланға қарсы дұға оқуға рұқсат берген кезде Асма бинт Умайсқа қарап: «Мына ағайындарымның денелері неге соншалықты арық, оларға бірдеңе болған ба?» - деп сұрағанда, Асма: «Жоқ, бірақ оларға көп көз тиеді», - деген. Сонда Расулалла: «оларға дұға оқы», - деп бұйырды (Мүслим риуаяты).

материал «Өткір қылыш» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: