24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Салауат шәріптің қасиеті

Салауат шәріптің қасиеті

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

1. Алланың әміріне мойынсұну (өйткені, салауат айтуды Алла әмір етеді);

2. Алланың жасағанын жасау (өйткені, Алла сүйіктісіне салауат айтады);

3. Періштелерге ұқсау (өйткені, періштелер салауат айтады);

4. Алланың 10 мейіріміне ие болу;

5. 10 дәрежеге көтерілу;

6. 10 сауап алып, 10 күнәдән арылу;

7. Дұғасының қабыл болуына үміт ету;

8. Пайғамбарымыздың шапағатына жетуге себеп;

9. Құлдың күнәларының кешіріліп, ұятты істерінің жабылуы;

10. Құлдың қиыншылықтардан арылуына себеп;

11. Аллаға жақындауға себеп;

12. Садақа бергеннің орнына жүреді;

13. Құлдың қандай да мақсаты болса Алладан тілеуі, оның қабыл болуы;

14. Рух пен жүректің тазалануы;

15. Құлдың өлмей тұрып жұмақпен сүйіншіленуі;

16. Расулалланың сәлеміне жауап беруі;

17. Ұмытқанды еске түсіруге себеп;

18. Қиямет күнінің қиыншылықтары мен азаптарынан құтылуға себеп;

19. Қиямет күні отырып, тұрған жиналыстарда салауат оқығандықтан өкінбейді;

20. Жиналыстарда әдемі иістің шығуына себеп;

21. Кедейліктен құтылу, салауатты үнемі айтып жүрген кісі кедей болмайды;

22. Сараңдық сипатынан құтылуға себеп;

23. Расулалла аты аталғанда салауат айтпағандарға жасалған қарғыстан құтылу;

24. Адамға жұмақ жолының көрсетілуі, айтпаған адамға да тозақ жолының көрсетілуі;

25. Алла мен расулының аты аталмаған жиналыстардағы жаман иістен құтылу;

26. Құлдың Сырат көпірінен өтуіне себеп;

27. Қандай да бір іс мадақ пен салауат шәріптен басталса, оның жақсы аяқталуына себеп;

28. Алла мен расулалланы ренжітуден аулақ болады;

29. Алланың Расулаллаға салауат шәріп айтқандарға мақтау айтуына себеп;

30. Алланың мейірімі мен рақымына себеп;

31. Береке-молшылыққа себеп;

32. Расулалланың жақсы көруіне себеп;

33. «Құлдың құтылуы, өмірі мен жүрегінің тірілуіне, жандануына себеп»;

34. Салауат-шәріп айтқан адамның, әкесінің, үрім-бұтақ, тұқымының атының Расулалла-ның жанында аталуы;

35. Сырат көпірі мен Махшарда аяғының таймауы, Ислам жолында аяғын нық басуы;

36. Расулалланың адамда болған ақысының аз мөлшерде де болса өтелуіне себеп;

37. Құлдың тілегін Алланың қабыл етуіне Расулаллаға жасаған дұғасын ортақ етуі;

38. Алланы зікір, шүкір ету және жақсылығын ойлау.

Бөлісу: