21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Аллаға сеніп, Пайғамбарға (с.а.с.) сенбеген жан мұсылман болып санала ма?

Аллаға сеніп, Пайғамбарға (с.а.с.) сенбеген жан мұсылман болып санала ма?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның алғы шарттарының бірі әрі иман етудің бір бөлшегі.

Кәлимаға тіл келтірмей, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) Алланың құлы әрі елшісі деп танымай мұсылман бола алмаймыз. Құранда «Ендеше, Аллаға, елшісіне және біз түсірген нұрға (Құранға) сеніңдер...» («Тәғабун» сүресі, 8) деп бұйырған.

Алла елшісін (с.а.с.) ақиқаттың жаршысы деп білмеген адамның Исламнан алар нәсібі жоқ. Тіпті Алланы мойындап, бірақ Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) мойындамаса, оны мұсылман деп айта алмаймыз, өйткені Құранда «Нағыз мүминдер Алла мен расулына кәміл сенгендер» («Нұр» сүресі, 62) және «Кімде-кім Алла мен расулына сенбесе, Біз оған алдын-ала лаулаған от дайындаймыз» («Фәтх» сүресі, 13) делінген.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын жүректен сеніп, қалдырған мұрасын ұлы мирасын жүрегімізге сақтап, көркем мінезінен өнеге алып, есімін атап, сансыз салауат пен сәлем жолдап қана қоймай, жанымыздан да артық жақсы көруіміз қажет.

материал «Пайғамбарымыз жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: