20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыздың (с.а.с) ас мәзірі мен сүйікті тағамдары

Пайғамбарымыздың (с.а.с) ас мәзірі мен сүйікті тағамдары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қарапайымдығын өмірінің барлық кезеңінен көре аламыз. Өте қанағатшыл болатын.

Өзінен гөрі жұртқа қол ұшын бергісі келіп тұрушы еді. Өзі жегеннен гөрі біреудің тойғанына қуанатын, сондықтан тоя тамақ жеген күні кемде-кем деуге болады. Ақ ұннан ашытылған нанның өзіне қол жетпеді. Әрине, жақсы көретін тағамдары қатарында: жүзім шырынын, балыд, зәйтүн майын, кейбір көкөністерді атай аламыз. Алайда мұның бәрі оның дастарқанына өте сирек қойылатын. Бірде Үммі Ханидың үйіне барып тіске басар нәрсе сұрайды. Үй иесі жүзім шырынынан басқа ештеңе жоқ екенін айтқанда, «жүзім шырыны бар үйде тамақ жоқ деп айтқан жөн бе?» – деп, астың осы бір түрін ұнататынын білдірген. Арабтарда сары майға ірімшік қосылып дайындалатын «хис» деген тағам бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы тағамды ұнататын деседі.

Бір жолы хазірет Хасан (р.а.) мен Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) Үммі Сәламаға (р.анһа) келіп: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті тағамын дайындап беріңізші», – дейді. Үммі Сәлама арпа ұнын илеп, қазанға салады да, отқа қояды. Үстіне зәйтүн майын қосып, қара бұрыш себеді. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті асының бірі еді.
Мұнымен қоса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) реті келсе қой, ешкі, тауық, түйе, қоян, балық етін де жегені айтылады.

Расулалла (с.а.с.) Сафия анамызбен (р.анһа) отау көтергенде, тойға арнап құрма мен ұн араласқан сорпа дайындатқан. Салқын суды жақсы көретін. Қарбыз бен құрмаға нан қосып жейтін. Қиярды да ұнататын. Кейде сүт ішіп, енді бірде сүтке су қосып ішетін.

Өрікті, құрма мен жүзімді қайнатып, суын ішкенді ұнататын. Дастарқанға қойылған тамақты ұнатпаса аузына алмайтын, бірақ ешқашан да асты нашар деп айтпайтын. Асты үш саусағымен алып жейтін.

материал «Пайғамбарымыз жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: