28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) адамдық қасиеттері

Пайғамбардың (с.ғ.с) адамдық қасиеттері

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбардың (с.ғ.с) адамдық қасиеттері:

1. Сөйлеуі мен күлуі

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдармен сөйлесуі балдай тәтті, әрі әсерлі еді. Қаз да- уысты еді, сөздерді анық айтатын, тіпті, тыңдаушылары сөздерін жаттап та алатын. Айтқандарын, көбінесе, үш рет қайталайтын, сөйлеп тұрған кезінде басын жоғары ұстайтын. Ешкімге жаман сөз айтпайтын және ешкімнің сөзін бөлмейтін. Мылжың сөз бен құрғақ сөзге әсте жоқ еді.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алғашқы жұбайы Хазіреті Хадиша (радиаллаһу анһә) анамыздың бірінші күйеуінен Хинд деген бір ұлы бар еді. Хинд (радиаллаһу анһу) сөзге мықты, шешен еді. Хазіреті Хасан (радиаллаһу анһу) бір күні Хиндтен (радиаллаһу анһу): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә баспа үйі сәлләм) сөйлеу мәнері қандай еді?» - деп сұраған еді. Ол: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (Алланың ұлылығы және адамзат ішінде болған ахуал турасында) өте терең ойланып, үнсіз отыратын. Қажетсіз жерде сөйлемейтін» - деген.

Сөйлегенде әр сөзді түсінікті, әрі айқын айтатын. Әлденені нұсқағанда, қолын толық көтеретін. Бірнәрсеге таң қалғанда қолын бүгіп қалатын. Кейде бір нәрсені айтып жатқанда екі алақанын бір-біріне соғатын. Әзілдеген кезде алдына тіке қарап, кірпігін төмен түсіретін. Сирек күлетін, көбінесе күлімсірейтін» - деп жауап берді.

Кейбір риуаяттарға (нақыл сөздер) қарағанда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешқашан қарқылдап күлмеген. Пайғамбарымыз ашулы кезінде де, жайбарақат кезінде де әрқашан хақты (шындықты) айтатын. Жақсы сөйлейтін және сөзі шашырап жатқандарға ілтипат көрсетпейтін. Айтпақ ойын және түсіндіретін кейбір мәселелерді астарлап айтатын. Ол үнсіз қалғанда ғана сахабалары сөз алатын.

2. Отыру әдебі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тізе бүгіп отырудан басқа молдас құрып, «құрфуса» және «ихтиба» әдісі бойынша отыратын. «Құрфуса» дегеніміз - құйрықты жерге қойып, тізелерді көтеріп қарынға түйістіргеннен кейін екі аяқты қолмен баспа үйі құшақтап отыру түрі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көбінесе осылай отыруды жөн көретін. «Ихтиба» - киімді желбегей жамылып, белдік, бөтес сияқты нәрселермен арқа мен тізені орап, жиналып отыру түрі. Бұл отыру құрфусаға ұқсайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отырған кезінде шапанымен аяқтарын, тізелерін жауып,қолымен үсті-басын түзеп қоятын. Негізінде, Ол осы үш түрде отыратын. Жерді тарылтып, біреуге қиындық келтірмеу үшін көсіліп отырмайтын. Негізінде құбылаға қарап отыратын. Жанына келіп отырған қонақтарға арқасындағы тонын төсеп беретін. Кейде қонақтарына өз көпшігін де беретін. Қолдарын артына сүйеп, шалқайып отырмайтын, осылай отырмауларын сахабаларына да ескертетін.

3. Жолда жүруі

Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолда жүргенде жан-жағына қарамай, өрден түсіп келе жатқандай жеңіл әрі шапшаң жүретін. Жүргенде қадамын қысқа басатын, бірақ жылдам жүретін. Жерді аяғының ұшымен емес толық басатын. Қадамын нық басып, денесін мықты ұстайтын. Жүргенде дене мүшелері тең қозғалатын. Жылдам жүретін. Сондықтан жанында жүргендердің көбі қалып қоятын немесе зорға ілесіп, қатар жүретін. Жолда жан-жағына қарамай жүретін. Бір нәрсеге немесе бір жаққа қарау керек болса, бүкіл денесімен баспа үйі бұрылатын.

4. Тамақ жеу әдебі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зүһдке (дүниеге қызықпаушылық) толы өмір сүрген- діктен, тапқанын ішіп-жейтін және көпшілікпен бірге тамақтануға құмар еді. Тамақ келгенде жерге тізерлей отырып, «бисмиллә» айтып жейтін.

«Мен құлмын, сондықтан құл секілді ішіп-жеймін» - дейтін. Тамақты ыстықтай жемейтін, ондай ыстық тамақта береке болмайтынын айтып отыратын. «Ыстық тамақта береке жоқ. Алла Тағала бізге от жегізбейді. Сондықтан тамақты суытып ішіңдер», - дейтін. Тамақты үш саусақпен, кейде төртінші саусағын да пайдаланып, әрқашан өзінің алдынан жейтін. Екі саусақпен де жеуді ұнататын, Тамақ кезінде, кейде пышақты да қолданатын.

Бір күні Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «палузе» деген тамақ әкелді. Пайғамбарымыз жеп болған соң: «Бұл қандай тамақ және қалай жасалады?» - деп сұрайды. Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу): «Ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Май мен балды табаға салып, отта ерітеміз. Сосын бидай ұнын табаға саламыз. Бұдан кейін баспа үйі қатайғанша араластырамыз. Сосын, міне, көріп отырғаныңыздай, халуа шығады», - деп жауап береді. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынымен, әдемі тамақ екен!» - дейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еленбеген арпа ұнынан жасалған нанды жейтін. Қиярды жаңа піскен құрмамен және тұзбен жегенді жақсы көретін. Жеміс-жидектерден ең жақсы көретіні кептірілмеген құрма, қауын, қарбыз және жүзім еді. Кейде жаңа піскен құрма жейтін. Қарбызды шекермен, нанмен жейтін. Қауын-қарбызды екі қолымен жейтін. Құрманы оң қолымен жеп, сол қолына сүйектерін жинайтын. Жүзімді кейде бауымен аузына апарып жеген кезі де болған. Тамағы көбінесе құрма мен судан тұратын. Құрманы сүтпен бірге жеген кезінде: «Ең жақсы тағам!» - дейтін.

Ет пен етті тамақтарды жақсы көретін. «Тирит» деген тамақты асқабақпен жейтін. Асқабақты да жақсы көретін және асқабақ жайлы былай дейтін: «Ол – бауырым Юнустың көкөнісі». Ауланған құс етін жейтін, бірақ өзі ауламайтын. Ет жегенде басын төмен қарай имей, етті аузына жақындатып, тістеп жейтін. Қойдың аяқ, сан еттерін баспа үйі ұнататын. Бақырда піскен асқабақты, сіркеге (жүзімнің суы, уксус сияқты) туралған нанды және әжуә құрмасын жақсы көретін.

Тамақтың жұғынын саусақтарымен жалап жейтін де: «Тамақтың соңы берекелі» - дейтін.

Саусақтарын жалап тазаламастан бұрын қолын майлықпен сүртпейтін. Тамақтың соңында игілік берген Алла Тағалаға шүкірлік етіп, қолдарын жуатын. Су ішерде үш реттен ішкенге зер салатын. Әрқайсысын бисмилләмен бастап, хамд (мадақ) айтып шүкірлікпен бітіретін.

Көпшілік арасында су немесе сүт ішкеннен кейін ыдысты оң жағындағы адамға беріп, оның одан әрі жалғасуын өтініп, сол жерде болған әр адамның ауыз тиюін қалайтын. Ішкен ыдысына үрлемейтін және ішіне демін шығармайтын. Ыдысты алыстатқаннан кейін ғана дем алып немесе дем шығаратын. Үй ішінде жас қыздың ұялшақтығынан да аса ыңғайсызданып жүретін. Тамақты тек дастархан жайылғанда ғана отырып ішіп-жейтін. Ол тағамын өзі дайындаған кездері де болатын.

Өте тойып жемейтін және мұсылмандардың тамақты көп жеуін ұнатпайтын. Бұл жайында былай дейді:

«Адам баласы өз қарнынан басқа жаман бір ыдысты толтырмаған. Адамзатқа белін тіктей ұстап жүре алуға жететін бірнеше жұтым да жетеді. Егер адам баласы нәпсісін тыя алмайтын болса, қарнының үштен бірін тамаққа, үштен бірін дем алуға бөлсін».

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: