28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Расулалланың (с.ғ.с) ер жүректілігі мен батырлығы

Расулалланың (с.ғ.с) ер жүректілігі мен батырлығы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өзінің ұлы тұлғасына сай ер жүректік пен батырлықтың үлгісі еді (аты затына сай ер жүрек батыр еді).

Мекке мүшріктері үйін қоршап, оны өлтіруге бел буған хижрет кезеңінде, еш қорықпастан есігін ашып, қолына алған бір уыс топырақты, мүшриктер өзін көре алмасын деген мақсатпен, Ясин сүресінің алғашқы аяттарын оқи отырып, оларға шашып жіберіп, үйден шығып кеткен еді. Сәуір үңгірінде Әбу Бәкірді «Қорықпа, Алла бізбен!» - деп жұбатқан еді.

Он жеті жасында көкесімен бірге Йемен сапарына баспа үйі шыққан еді. Жазық даладан асау, жабайы болып кеткен бір түйе көреді. Жас Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол мезетте алдынан шығып, түйені ноқтасынан ұстап алған еді.
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтады:
- Бәдірде ойран-асыр соғыс жүріп жатқан кезде, бізкейде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) артын паналап соғысатын едік. Ол барлығымыздан батыл еді. Жауға ең жақын жүретін де Сол еді.

Хұнайн соғысында Ислам әскерлері жаудың ша- буылына қарсы тұра алмай, кері шегінуге тура келген еді. Бірақ, Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алған бетінен қайтпай, тұлпарымен алға ұмтылған еді. Дұшпандар оны жан-жақтан қоршауға алған еді. Осы оқиғаның ортасында болған Бәрадан: «Сол күні сен де кері шегінгендер қатарында ма едің?» - деп сұрағанда:
«Иә, мен де кері шегінгендер қатарында едім. Бірақ, Хазіреті Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орнынан бір табан да кері шегінбеді. Соғыс өрті өрши түскен кезде, барлығымыз Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маңайын паналадық. Оның қасында тұру үлкен батылдық қуаты еді», - деп жауап берген еді.

Хазіреті Әнәс бин Сәбит (радиаллаһу анһу) айтады: «Арамыздағы ең батылымыз Хазіреті Пайғамбар баспа үйі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еді. Бір күні Мәдинада жаудың қалаға кіргендігі жайлы хабар тарады. Барлығы қорғанысқа дайындалып жатқан еді. Бірақ, Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), сол мезетте тез қимылға көшіп, атқа жайдақ секіріп мініп, қаланың жау басып алды деп айтылған жағына қарай шаба жөнелді. Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жан-жақты өзі тексеріп болған соң, кері оралып, қорыққандардың үрейін басқан еді».

Құрайыштың Оған және Оны қорғады деп немере ағасына қарсы жариялаған қыспағы үш жыл бойы үздіксіз жалғасқанымен Ол үйінде намазын оқып, жасырынбай Құранын оқып, мүшриктерге іс жүзінде осылай қыр көрсеткен еді. Тағы да Ол мүшриктер көрсеткен жәбір-жападан сақтап, олар өлтіріп кетпесін деп достарын Хабешистанға жіберіп, өзі Меккеде қалып зұлымдықтарға төзуі және жан-тәнімен беріліп өзін қорғаған немере ағасы Әбу Талиб пен аяулы жұбайы Хазіреті Хадишаның (радиаллаһу анһә) қатарынан қайтыс болуларына, тіпті достарының көбінің Мәдинаға көшіп, өз жеке басының Меккеде қалғанына қарамастан күнде Қағбаға келіп ғибадатын және Құран оқуын жалғастыруы Оның ер жүректілігі мен батырлығының теңдесі жоқ екендігін көрсететін ерекшеліктер.

Пайғамбарымыздың ер жүректігімен қатар, «неждет» деген сипаты бар еді. Неждет – қорқыныш пен баспа үйі қауіп-қатер төнген кезде төтенше жағдайларға сабыр мен салмақтылық көрсету, қорқыныштан лайықсыз істер жасамау. Меккеде Құрайыш мүшріктері Оның үйін қоршап, қылыштарын шығарып өлтірмек болғанда Ол еш қорықпастан есігін ашып, мүшріктердің бастарына топырақ шашып, «Ясин» сүресінің алғашқы аяттарын оқып, араларынан сытылып шығып кеткен еді.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: