29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағатына бөленген құрма ағашы

Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағатына бөленген құрма ағашы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарлардың мұғжиза түрінде төтенше оқиғалар көрсетуі, адамзаттағы ғапылдықтың жойылуы бағытында кенеттен әсер беріп, адам баласы өзінің еш құны жоқ, әлсіз екенін түсініп, Жаратушы иесіне бет бұрып, бой ұсынулары және нағыз құл болулары үшін еді.

Адам баласындағы қараңғылықты, ғапылдықты жойып жіберетін, ақыл жете алмайтын бұл төтенше оқиғалар, ғапылдарды әлсірету, ал, мүминдердің имандарын қуаттандыру үшін көрініс тапқан. Жерден өсіп-өнген өсімдіктер, көкте қалқыған құстар, жүгірген аңдар, хайуандар мен қыбырлап жүрген құрт-құмырысқалардың жаратушы иесі болған Раббыларын зікір етулері Хазіреті Пайғамбарды (с.ғ.с) танулары және Оған махаббат көрсетулері... барлық мұғжизалар осы мақсат үшін және айқын түрде көпшіліктің құзырында талай-талай көрініс тапқан. Осы көріністердің мәшһурі құрма ағашының кесіліп, орнында қалған түбіртегінің ыңырсып жылауы:

Баршаға мәлім Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларына уағыз ету барысында үнемі құрма ағашының түбіртегіне сүйеніп отыратын. Түбіртек оған, өте қатты қуанып, риза болатын. Күндер өтіп, мешітке жиналған сахабалар көбейген-ді. Олар Пайғамбарымыздың мүбарак жүзін көре алмайтын болды. Сондықтан олар:

«Уа, Расулалла! Біз арқа жақта отырғандар көпшілік көлегейлеп сіздің жүзіңізді көре алмайтын болдық,» - деп арыздарын жеткізді. Сахабалар Пайғамбарымыздан мешіттің ішінде мінбер жасалып, оның үстіне шығып уағыз айтуын өтінді.

Мінбер жасалды. Енді бұдан кейін Жаратылыстың да пайғамбарлардың да нұры болған Мұхаммед (с.ғ.с) мінберда отырып сұхбат ететін еді. Бірақ мінберға шыққан алғашқы күні-ақ күтпеген мұғжиза оқиға болды.

Екі дүние мырзасы енді құтпа оқуды бастағанда, ол құрма түбіртегі еститін, көретін, қайғырып, сағынатын адам сияқты ыңырсыған дауыс шығарды. Ол сондай адамның ішін елжіретіп-ерітетін дауыс еді. Міне, осы дауысты сол сұхбатта отырған үлкен-кіші, қария-жас бәрі де естиді. Бұл көрініс бүкіл сахабаларды аң-таң қалдырды. Иә, бір құрма ағашының түбіртегі осыншама сүйіспеншілік, сағыныш көрсетуі таң қалдырмай қоймайтын еді. (Бухари, Мәнәкиб 25, Бүюғ 32)

Хазіреті Мәулана бір өлең шумағында бұл оқиға жайлы қысқаша былай дейді: Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) мінберден түсті де мүбәрак қолдарымен құрма ағашының түбіртегін сипалап тұрып:

– Ей, құрма түбіртегі! Не қалайсың? Неге ыңырсисың? Не болды саған?» - деп сұрады. Құрма шөркесі жыламсырап, өз тілімен былай деді:

– Уа, Расулалла! Сенің орын ауыстыруың менің ішімді өртеп жіберді. Ішіме тілмен айтып жеткізе алмайтын мұң, сағыныш толып қалды. Мұның алдында құтпа кезінде сенің сүйеніп тұратын ең бақытты сүйенішің едім. Енді мені тастап бір мінберге шығып алдың. Бұдан кейін маған сүйенбейсің. Ей, Алла Елшісі! Өтінемін, айтшы, бұл дүниеде қай жаратылыс осындай қоштасуға шыдай алады?! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрма түбіртегінің осыншалықты сүйіспеншілігіне толқын оны жұбату үшін:

– Ей, құрма түбіртегі! Сенің қайғыруың менен айрылғаныңнан екен, ендеше менен қалаған нәрсеңді сұра! Қаласаң, Аллаға жалбарынайын! Сені шығыс пен батыстағы бүкіл адам баласына жемісін беретін жапжасыл тірі ағаш етсін немесе сені жәннат көшеті етсін! Сол жерде мәңгібақи ең әдемі жас ағаш болып қаласың! Расулулланың осындай тамаша ыстық сезіміне ие болған құрма түбіртегі ішінде махаббат оты жанып тұрғандықтан, төмендегідей талап қойды.

– Уа, Расулалла! Екеуін де қаламаймын. Тек менің тілегім – сенің нұрыңда жоқ болу. Ол үшін мені көміп жоқ етіп таста, мені мына пәни дүниеден құтқар! Себебі, бір ағаш қаншалықты жас, әдемі болып тұрса да, ол нәрін күн мен судан алады. Ал менің бүгінге дейінгі өмірім, сенің нұрыңмен жалғасып келген болатын. Саған сүйеніш болып, сенің ыстық денеңмен жылынып, сенімен бірге жанып күйден ләззат алдым. Мен енді бұл тәтті сезімдерден ләззаттан қалайша айрыламын. Мен мәңгілік болған ләззатты қалаймын. Сондықтан мені көміп таста да Сенің нұрыңмен араласып, нұрыңмен бірге тіріліп, өзіңмен бірге мәңгі болайын!

Алланың Елшісі (с.ғ.с) қиямет күні адам сияқты тірілсін деп сол құрма түбіртегін жерге көмдірді».

Ғибратқа толы бұл оқиға арқылы Хазіреті Мәулана Мәснәуинде мынадай насихат айтады:

«Мынаны біліп ал! Алла Тағаланың шексіз нығметтеріне бөленген құл бұл жалғандағы өткінші қызықтарға мойын бұрмай, жүзін жаратушы иесіне бұрады».

«Ей, мәңгүрт! Мұсаның және Ахмедтің (Пайғамбарымыздың көркем есімдерінің бір) мұғжизаларына назар салып қара! Асатаяқ қалайша айдаһарға айналды, құрма түбіртегі қалайша парасат иесі болып ыңырсыды». «Махаббаттың шынайылығын бір ағаштан тыңда және одан ғибрат ал! Денелік әуестерге, жалған дүние қызықшылығына мойын бұрма! Шынайы бақыттың және дәрежелердің ең шыңың заттық әлемнің арғы жағында болғанын біл! Біліп ал! Шынайы және мәңгі бақыт – жалған нәрселердің тұзағынан құтылып, тәңірге қауышу жолына түсумен болады».

Ол құрма ағашы пәни дүниеден құтылып қиямет күнінде иләһи бақытқа жеткен адам сияқты тірілу үшін Пайғамбарымызға (с.ғ.с) өзін көмдіртті. Бір құрма ағашы Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шапағатына лайық болды, оның көңілінен орын алды. Бұл жалған дүние қызықшылығына алданбай, кемелденген адам сияқты кемелденді. Дұғасы қабыл болды. Өсімдік әлеміне жататын ағаш бола тұра қаншама адамдардың қол жеткізе алмаған рухани дәрежелеріне жетті. Бұл нендей ғибратқа толы оқиға!

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: