10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Сөйлесең – Пайғамбар (с.ғ.с) секілді әдемі сөйле

Сөйлесең – Пайғамбар (с.ғ.с) секілді әдемі сөйле

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбар (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) тілінің шешендігімен сөздерін жүректерге жеткізе сөйлеу қабілетімен ерекшеленген. Пайғамбар сөз қумайтын, қиын сөзбен сөйлемейтін, ұғынарлық етіп сөйлеген.

Ол арабтардың тілдерін жетік білетін, әр бір тайпамен өз тілдерінде сөйлескен. Айша анамыз айтады: «Негізінде, пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) сөйлегенде біреу оның сөзін санамақ болса санай алар еді» деген. Сондай-ақ, айтқандарын үш рет қайталайтын, сөйлеп тұрғанда басын жоғары ұстайтын. Ешкімге жаман сөз айтпайтын және ешкімнің сөзін бөлмейтін. Бізде жаман сөз айтпау деген жаңалық шығар. Себебі тілімізден қаншама қиянаттар кетіп жатыр.

Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) мылжың сөзбен құрғақ сөзге мүлдем жоқ болған. Мынау енді бізге өте ауыр шығар. Себебі мылжың сөзге қазір қатты кетіп барамыз. Болатын да болмайтын да әнгімелерді айта беретін мұсылманға айналғанбыз. Қажетсіз жерде сөйлемейтін. Сөйлесе тек өзіне берілген құраннан ақиқатты сөйлейтін. Ешқашан өтірік сөйлемеген. Өтірікті жаны қаламайтын таза жүректі пайғамбардың, өтірікті қызармай айта беретін үмбеті болдық өкінішті...

Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтады: «Құл, алдын ала таразылап ойланбастан бір сөзді қойып қалуы мүмкін. Ол сол сөздің кесірінен тозақтың, шығыс пен батыстың аралығынан ұзақтау жеріне түсіп кетеді» деген.

Ойланып сөйлеген адамның ақыры хайырлы болатынын осы хадистен білуге болады.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: