10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бұл түрімізбен Пайғамбардың (с.ғ.с) қасында бола аламыз ба?

Бұл түрімізбен Пайғамбардың (с.ғ.с) қасында бола аламыз ба?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде сахабаларына былай деді: «Маған ең сүйкімділерің, қияметте менің қасымда отыратындарың – мінезі жақсыларың!».

Ғибадаты көп демеді, неге? Өйткені ғибадатың өзіңнен басқа ешкімге керек емес.

Адам барлық жерге мінезімен сыйысады. Білімі немесе ғибадатымен емес.

Индонезия мен Малайзия сынды мұхит қоршауындағы елдерге дін қалай жеткенін білесің бе? Оларға дін мінез- бен, көркем мәмілемен, көркем сауда-саттықпен жеткен.

Енді өзімізге қарайық! Біздің мінезіміз қандай? Бәрі мінезімізге таңқалады ма? Мінезімізбен сыйысып жүрміз бе? Бұл түрімізбен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қасында бола аламыз ба?!

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына:

– Алла – Жомарт, әрі жомарттықты, кеңпейілділікті жақсы көреді. Көркем мінезді жақсы көреді де, ұшқалақтықты, тұрақсыздықты жек көреді, - деді.

Құран жаттау, шет елге оқуға бару, әлем аралау сияқты алдыңа биік мақсаттар қой. Өз салаң бойынша ғылым докторы болуға талпын. Пайдалы бағдарламаларды тыңдап жүр. Өз өміріңді өзің сүріп үйрен! Өзгелердің өмірінде өмір сүріп жүрме! Өмірге бір рет келгеннен соң қайта келмейтінімізге өкінбейтіндей өмір сүрейікші!

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: