11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) көршілеріне жасаған мәмілесі

Пайғамбардың (с.ғ.с) көршілеріне жасаған мәмілесі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) көршілеріне өте ұқыпты болуды қалаған.

Ол жайында: «Жәбірейіл маған көрші ақысы туралы көп ескерткені соншалық көрішіні көршіге мұрагер қылады деп қалған едім», - деген.

Қазақта жақсы сөз бар: «Көрші ақысы тәңір ақысы», деген. Көршілерге қатысты Алла елшісі: «Кәпір көршінің бір ақысы, мұсылман көршінің екі ақысы бар. Ал, мұсылман әрі туыс болған көршінің үш ақысы бар» деп ескерткен. Көршінің терезесіне қарамау, тамақтың иісімен көршіні қинамау, оған ұнамайтын іс-әрекеттер жасамау көршінің ақыларынан болып табылады.

Кедей сахабалардың бірі Әбу Зәрр әл-Ғифари айтады: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған тамақ пісіретін кезде сорпасын көбірек қылып, одан біразын көршіме беруге бұйырған еді» деген. Омар (Алла оған разы болсын) сахабалардың көршісіне деген құрметін мына оқиғасымен айтады: «Сахабалардың бірі қойдың басын келесі бір бауырына тарту еткен еді. Ол сахаба: «Менің пәленше бауырым мен оның отбасы бұған бізден гөрі мұқтаж» деп, басты оған жібереді. Ол да бауырмашылығының кеңдігімен дәл солай екінші бір үйге жібереді. Сөйтіп әлгі қойдың басы жеті үйді аралап, ақыры бас тарту етілген ең алғашқы үйге қайтып келді».

Осыған орай мына құранның аяты түскен: «Олардан бұрын Мәдинаны мекен тұтып, иманына берік болғандар (ансарлар) кейін қасына көпшілік келгендерді (мүһжирлерді) жақын көреді. Оларға берілген нәрселер үшін қызғанып өкпелемейді. Өздері мұқтаждық тартса да, оларды өздерінен артық көрді. Кімдер нәпсісінің сараңдығынан сақтанса, міне солар мұратын жеткендер», - деп («Хашыр», 9-аят).

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: