18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) сирасын оқудың пайдалары

Пайғамбар (с.ғ.с) сирасын оқудың пайдалары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын (өмір жолы) білудің мұсылман үшін мәні мен маңызы зор. Сираны оқыған адам Пайғамбарды танып, мынадай көптеген пайдалар алады:

  • Біріншіден Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тегі, қадір-қасиеті, құлшылығы, мінез-құлқы сияқты мағлұматтармен танысады. Бұл мағлұматтар мұсылманның Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігін арттырып, дінінде бекем болуына себепші болады;
  • Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінде болған түрлі жәйттарға байланысты түсірілген шариғи үкімдерді үйренеді;
  • Қасиетті Құран Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жиырма үш жыл пайғамбарлық өмірінде бөлек-бөлек түсірілгендіктен, сира кітаптары Құран және оның тәпсірімен тығыз байланысты. Демек Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі жайлы кітаптарды оқу арқылы адам Құранның көптеген аяты мен оның тәпсірінен хабардар болады;
  • Уағыз-насихат әдістерін үйренеді. «Мұсылман болу әсте-әсте» дегендей, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  дінді адамдарға оған жіберілген иләһи жүйемен біртіндеп үйреткен. Себебі шариғи үкімдердің бәрі бірден нәзіл болса адамдар оны көтере алмайтын еді. Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінде сенім мәселелеріне қатысты аяттар нәзіл болып, үкімдердің кейін түсуі осыдан.

материал «Төртеу түгел болса» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: