24
Жұма,
Қаңтар

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) зағип жанды көреген деп атауы

Пайғамбардың (с.ғ.с) зағип жанды көреген деп атауы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ансарлық Бәну Уақифта бір көзі зағип жан бар еді.

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оның көңілін сұрауға барғысы кеп сахабаларына:

– Кеттік! Бәну Уақифтың көреген адамының жағдайын сұрап қайтайық, - дейді.

Кейбір нәрселерді жақсы ниетпен алмастырып айту керек. Қазақта оны табу дейді. Кейбір нәрселердің тікелей атын айтқаннан – астарлап айтқан жақсы.

Қазақ көзі қылиды мерген, ақсақты жүйрік, жылауық баланы батыр, қорқақ баланы өжет деп алмастырып айтқан. Себебі, шынымен де, қазіргі күйі атап жүрген сол жағдайға ауыссын деген ниетте жатыр.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да зағип жанды көреген деп атады. Бұл да бір – жақсы ниет. Сол үшін адамдардың бойында бар нәрселерді жақсы атаулармен атау керек.

Қытайлықтарда «күле алмасаң, дүкен ашпа» деген тәмсіл бар екен. Жақсы атау таба алмасаң, адамдардың көңіліне тиетін атаумен атама...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: