Жәбир ибн Абдулладан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол:
«(Бірде) біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Нәжд тарабына жорыққа аттандық. Алла елшісі (с.а.с.) бізді қараған ағаштары көп ойпатта қуып жетті. (Сол жерде) Алла елшісі (с.а.с.) бір ағаштың түбіне түсіп, қылышын оның бұтақтарының біріне іліп қойды. Ал адамдар ағаштардың түбіне көлеңкелеу үшін ойпатты бойлап тарап кетті.
(Бір кезде) Алла елшісі (с.а.с.) (бізді шақырып): «Ұйықтап жатқанымда, мына кісі маған келіп, қылышымды алыпты. Оянсам, ол бас жағымда тұр екен. Қолында қынсыз жалаңаш қылыш тұрғанын ғана байқадым.
Ол менен: «Сені менен кім қорғайды?» – деп (сұрады).
Мен: «Алла», – дедім. Ол екінші рет: «Сені менен кім қорғайды?» – деп (сұрады). Мен: «Алла», – дедім. Сонда ол қылышты қынына салып қойды. Міне, ол – мына отырған», – деді. Кейін Алла елшісі (с.а.с.) оған тиіспеді», – деген (2281/13).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz