04
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) Оған зиян жасағысы келгендерден қорғалғаны

Пайғамбардың (с.ғ.с.) Оған зиян жасағысы келгендерден қорғалғаны

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол:

«(Бірде) Әбу Жәһл: «Сендердің орталарыңда Мұхаммед жүзін жерге жапсырады ма?» – деп (сұрады. Оған): «Иә», – делінді.

Сонда (Әбу Жәһл): «Лат және ғұззамен ант етейін, егер оның осылай жасап жатқанын көрсем, міндетті түрде оның желкесінен басамын немесе жүзін топыраққа жапсырамын», – деді. Сөйтіп, ол намаз оқып жатқан Алла елшісіне (с.а.с.) барып, оның желкесінен басамын деп ойлады. Кенет олар күтпеген жағдай болып, (Әбу Жәһл) қолдарымен (әлденеден) қорғана артына шегінді.

Одан: «Саған не болды?» – деп (сұрағанда), ол: «Екеуміздің ортамызда отты ор, қорқыныш(ты көрініс) және қанаттар (пайда болды)», – деді. Кейіннен Алла елшісі (с.а.с.): «Егер де ол маған жақындағанда, періштелер оны бөлшек-бөлшек етіп жұлып әкетер еді», – деді», – деп айтқан.

Ол: «Сосын Аллаһ тағала (хадисті жеткізуші: «(Бұл) Әбу Һурайраның хадисінде ме, әлде оған жеткендердің бірі ме, білмейміз», – дейді): «Жоқ, ақиқатында, адам сөзсіз шектен шығады. Өзін (мұқтажсыз) бай санағанынан.

Негізінде, Раббыңның алдына қайта оралу бар. Сен қайтарушы көрдің бе, (Алланың) бір құлы намаз оқығанда. Көрдің бе, ол тура жолда болса немесе (басқаларды) тақуалыққа бұйырса да. Көрдің бе, егер ол (ақиқатты) өтірікке шығарса және (иман келтіруден) бет бұрса (яғни Әбу Жәһл). Ол Алланың көріп тұрғанын білмейді ме? Жоқ, егер ол тоқтатпаса, оны кекілінен мықтап ұстаймыз. Өтірікші, күнәкар кекілінен. Ол өзінің сұхбаттастарын шақырсын. Таяуда Біз де азаптаушы періштелерді шақырамыз. Жоқ, сен оған бағынба!» (деген аяттарды) түсірді», – деген.

Бір риуаятта: «Ол: «Және де (Алла) оған бұйырғандарын бұйырды», – деді»; Тағы бір риуаятта: «Ол өзінің сұхбаттастарын (яғни қауымын) шақырсын» делінген (2797/38).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: