05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Салауат айтудың басқа түрлері

Салауат айтудың басқа түрлері

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ибн Абидин (1198-1252 һ.ж.) 44 әл-Марзуқиден салауаттың ең жақсы нұсқасы келесідей деп келтіреді:

Уа, Алла, Мұхаммед пен Мұхаммедтің әулетіне салауат ет! (Аллаһумма салли ‘алә Мухәммәдин уә ‘алә әли Мухәммәдин).

Рууәйфиғ ибн Сәбит әл-Ансариден жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Мұхаммедке салауат айтып: «Уа, Алла, Қиямет күні оған Өзіңе жақындатылған дәрежені несіп ете гөр!» (Аллаһумма әнзил-һу-л мақғада-л муқаррабә ‘индәкә йәумә-л қиямә) десе, оған менің шапағатым міндетті түрде болады», – деген». (Ахмед, № 16991).

Ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кімде-кім: «Алла Мұхаммедке біздің атымыздан өзіне лайықты сауабын берсін» (Жәзә Ллаһу ‘аннә Мухәммәдән би-мә һууә аһлу-һу) десе, Алла Тағала мың күнге жетпіс періштені оның хатшылары етіп тағайындайды [осы сөзді айтушыдың игі амалдарын жазып тұру үшін]». («Әл-Әусат», әт-Тәбәрани, № 235).

Ибн Аббастың мына салауатты оқығаны жеткізіледі: «Аллаһым, Мұхаммедтің ұлы шапағатын қабыл ет, оны жоғары дәрежеге көтер және Ибраһим мен Мұсаға жауап бергеніңдей оның дүниедегі де, ақыреттегі де тілектеріне жауап бер» (Аллаһумма тәқаббәл шәфә’әтә Мухәммәдин-ил кубра уә-рфа’ дәражәтәһу-л ‘улйә уә әтиһи суъләһу фи-л әхирати уә-л улә, кәмә әтәйтә Ибраһимә уә Мусә).47

Жалпы салауат айтудың мұстахап екендігін білдіретін хадистермен қатар, кейбір ерекше жағдайларда салауат оқудың абзалдылығы туралы да хадистер бар. Біз олардың санаулысын ғана келтіруге тырыстық.

материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: