05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ол (с.ғ.с) бар болмысымен Құранның тірі үлгісі еді

Ол (с.ғ.с) бар болмысымен Құранның тірі үлгісі еді

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай деді:

«(Ей, Мұхаммед!) Расында, сен ұлы мінез-құлық иесісің» («Қалам», 4-аят).

Бұл аят – Оның мінезінің шыңына жеткенін, барлық жақсылықтың ең кемел үлгісі болғанын білдіреді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) барлық қасиетте ұлы еді:

• Ұлы – сабырында,

• Ұлы – жомарттығында,

• Ұлы – шынайы кішіпейілдігінде,

• Ұлы – батырлығында,

• Ұлы – ар-намыс пен ұятында,

• Ұлы – рақымы мен қамқорлығында,

• Ұлы – адамдармен қарым-қатынасында.

Ол – бар болмысымен Құранның тірі үлгісі еді.  Айша анамыздан (р.а) – «Алланың Елшісінің мінезі қандай еді?» – деп сұрағанда, ол: «Оның мінезі – Құран еді. Ол Құран нені жақсы көрсе, соны жақсы көретін, нені жек көрсе, соны жек көретін» – деп жауап берді (Муслим, Әбу Дәуд).

Тағы да Айша анамыз (р.а) айтады: «Ол адамдардың ең көркем мінездісі еді. Дөрекі емес, бейәдеп емес, базарда дауыс көтермейтін. Жамандыққа жамандықпен жауап қайтармайтын. Кешіретін, көз жұматын» (Ибн Әби Шәйба).

Ол сондай жұмсақ болатын, сахабалары не отбасы мүшелері қанша рет шақырса да: «Ләббәйк! (Міне, қасыңдамын!)» – деп жауап беретін. Хазірет Омар (р.а) былай дейді: «Бір адам Пайғамбарды үш рет шақырды. Әр жолы Ол (с.ғ.с) «Ләббәйк, міне, қасыңдамын!» – деп жауап қатты».

материал «Бұл Алланың елшісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: