05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешкімді ауыр сөзбен қарсы алған емес

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешкімді ауыр сөзбен қарсы алған емес

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Тағала Құранда Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай дейді:

«Алланың мейірімімен сен оларға жұмсақ болдың. Егер қатал, жүрегі қатайған адам болғаныңда, олар сенен қашып кетер еді» («Әли-Имран» 159-аят).

Осы аяттың өзі-ақ Оның қандай мінезді болғанын көрсетеді: жұмсақ, мейірімді, айналасындағыларға жүрегін ашық ұстаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешқашан дөрекі сөйлеп, адамдарды ауыр сөзбен ренжітпеген. Ол кісі үйінде де, достарымен де, бөтен адамдармен де әрдайым жылы жүзді болатын. Қасына отырған адамға ерекше көңіл бөліп, әңгімесін тыңдап, құрметпен қарайтын. Әзірет Әли (р.а) былай сипаттайды: «Ол адамдардың ең кең пейілдісі, ең шыншыл сөздісі, ең жұмсақ мінездісі, ең абзал көршісі еді» (Тирмизи риуаяты). Омар Ибн айтады: «Пайғамбар (с.ғ.с) ешқашан дөрекі де, бейәдеп те болмаған. Ол: «Сендердің ең жақсыларың – мінез-құлқы ең көркемдерің» дейтін» (Бухари).

Анас «Алла елшісі (с.ғ.с) адамдардың ең мейірімдісі еді. Суық таңдарда ешбір құл не күң су алып келсе де, ол судан бетін, қолын жуып беретін» (Әбу Нуғайм, «Дәлаил»).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешкімді ауыр сөзбен қарсы алған емес. Егер біреу қателік жасаса, оны қатты сөкпей, жұмсақ ескертіп қоятын. Мысалы: «Оған не болды екен, маңдайы топыраққа малынып кетсін!» – деп, әзіл мен емеурін араластырып айтатын. Бұл – Оның жұмсақтығының, адамды ренжітпей тәрбиелеуінің белгісі.

материал «Бұл Алланың елшісі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: