Оқылуы:
Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи ‘аззә уә жәллә уәл-хамду лилләһи уәлкибриәә'у уәл-‘азамәту лилләһи уәл-халқу уәл-әмру уәл-ллейлу уән-ннәһәәру уә мә йәскуну фииһимә лилләһи уахдәһу. Аллаһуммә-ж‘ал әууәлә һәзән-нәһәәри саләәхан уә әусәтаһу фәләәхан уә әәхираһу нәжәәхан әс'әлукә хайрад-дүниә уәләәхира йәә Архамар-раахимиин.
Мағынасы:
Біз де, бүкіл билік те Айбынды әрі Құдіретті Аллаға тән болып таң атырдық. Бар мақтау Аллаға лайық, айбындылық пен ұлылық Аллаға тән. Жарату да, бұйрық беру де, түн мен күндіз де, сондай-ақ, осы екеуінің ішіндегі барлық нәрсе жалғыз Аллаға тиесілі. Уа, Алла Тағалам, біз үшін осы күннің басын игілікке, ортасын жетістік пен берекеге, соңын табыс пен сәттілікке толтыра гөр! Уа, мейірімділердің ең Мейірімдісі, бір Өзіңнен дүниенің де, ақыреттің де жақсылығын сұраймын!
Ерекшелігі:
Саид ибн Абдурраһман ибн Әбза (р.а.) әкесі Абдурраһман ибн Әбзадан (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Ақиық елшінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күн сайын таңертең ұйқыдан тұрғанда осы дұғаны үзбей оқығандығы айтылған.
материал «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кешкі және таңғы дұғалары» кітабынан алынды,
ummet.kz