05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с): «Сендерге төрт түрлі нәрсені үйренуге бұйырамын»

Пайғамбар (с.ғ.с): «Сендерге төрт түрлі нәрсені үйренуге бұйырамын»

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына Әбдул Қайс тайпасынан өкілдер келіп, Рабийға қауымы бізге кедергі келтіруде, алдыңызға қажылық айынан басқа уақытта келуімізге мүмкіндігіміз жоқ. Бізге бір нәрсе бұйырсаңыз, (үйретсеңіз) біз оны сізден үйреніп, үйіміздегілерге барып үйретсек!»,- десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендерге төрт түрлі нәрсені үйренуге бұйырамын;

1). Алла тағалаға иман келтірмек (яғни, Лә иләһа илла Алла деу);

2). Мені Алла тағаланың елшісі деп сену;

3). Намаз оқуларыңа;

4). Зекет берулеріңе.

 

Ал мына төрт түрлі нәрсені тиым салды :

1). Дуббоғъ, кептірілген асқабақтан ішімдікті құйып қою үшін істелген ыдыс.

2). Хантам, Қыл мен қан араластырып саз балшықтан істелген ыдыс.

3). Муқаййар, ішімдікті құю үшін құрма ағашынан қашалып істелген ыдыс

4). Нақийр, ішімдікті (арақ) құю үшін істеліп қара маймен (смола) майланған ыдыс. Осыларды қолдануға тиым саламын»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: