Истиғфардың мырзасы болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына дұғасын айтып жүр:
«Аллаһумма, әнтә рабби, лә иләһә иллә әнтә, халақтани уә әнә абдук, уә әнә алә аһдик уә уағдик мәстәтағту, әбу-у ләкә биниғматика аләйа, уә әбу-у ләкә би занби, фағфирли, фа иннәһу лә яғфируз-зунуба иллә әнтә, әузу бикә мин шәрри мә санағту»
«Уа Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құдай жоқ. Сен мені жараттың. Мен Сенің құлыңмын және Саған берген уәдемде тұруға әрі келісіміме берік болуға күшім жеткенше тырысып бағудамын. Сенің маған берген нығметтеріңді мойындаймын. Жасаған күнәларымды да мойындаймын. Мені кешірші, расында күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді. Жасап қойған істерімнің зияныннан бір Өзіңнен пана сұраймын», - деп кешін батырып дүниеден өтсе, ол жәннатқа кіреді немесе жәннаттық болады. Егер таңертең айтып, сол күні қайтыс болса, дәл солай болады»
(хадис имам Бұхаридің «Сахихінде» және имам Әбу Дәуіт, ән- Насаи, ибн Мәжа, Ахмад, Тирмизи және ибн Хиббан өздерінің хадис жинақтарында жеткізді).
материал «Имам Ағзамның өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz