26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Арсыз әйелдің оқиғасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Имам Табарани «Муғжамул кәбир» еңбегінде келтірген хадисте Әбу Умәмә (р.ғ.) мына оқиғаны баяндайды:

 

عَنْ أَبِي أُمَامَةَ ، قَالَ : " كَانَتِ امْرَأَةٌ تُرَافِثُ الرِّجَالَ وَكَانَتْ بَذِيَّةً فَمَرَّتْ بِالنَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَأْكُلُ ثَرِيدًا عَلَى طِرْبَال ، فَقَالَتِ : انْظُرُوا إِلَيْهِ يَجْلِسُ كَمَا يَجْلِسُ الْعَبْدُ ، وَيَأْكُلُ كَمَا يَأْكُلُ الْعَبْدُ ؟ فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : وَأَيُّ عَبْدٍ أَعْبَدُ مِنِّي ؟ قَالَتْ : وَيَأْكُلُ وَلَا يُطْعِمُنِي ؟ قَالَ : فَكُلِي ، قَالَتْ : نَاوِلْنِي بِيَدِكَ فَنَاوَلَهَا ، فَقَالَتْ : أَطْعِمْنِي مِمَّا فِي فِيكَ ، فَأَعْطَاهَا فَأَكَلَتْ، فَغَلَبَهَا الْحَيَاءُ ، فَلَمْ تُرَافِثْ أَحَدًا حَتَّى مَاتَتْ " 

Ер кісілердің маңынан шықпай әдепсіз іс пен сөзге құмар бір арсыз әйел болатын. Бір күні әлгі әйел пайғамбар (с.ғ.с.)-ның қасынан өтіп бара жатып, оның (с.ғ.с.) отырғыш үстінде жарма жеп отырғанын көріп:

–   Бұған қараңдар, құл секілді отырып, құл секілді тамақтануда, - дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  болса:

      Менен асқан қай құл бар еді, - деп жауап береді.

     Өзі жеп маған бергісі жоқ

     Кел, жей ғой.

     Өз қолыңмен бер!- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) өз қолымен берді.

 Аузыңа салғаныңнан тамақтандыр, - деп еді, ол (с.ғ.с.) сұрағанын берді. Ол, пайғамбар (с.ғ.с.) берген тамақты жеп алды. Осы сәтте әйелдің ұяты оянып, көз жұмғанша енді қайтіп ешбір адамға әдепсіз қылық көрсетпей өткен екен[1].

Міне, Алла елшісі (с.ғ.с.)-нің қарапаймдылығы мен көркем мінезінің себебінен Алла Тағала арсыз әйелді тура жолға түсірді. Бұл шындықты Жаратқан Иеміз былай жеткізді: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің». («Қалам» сүресі, 4-аят). Расында,  Мұхаммед (с.ғ.с.) күллі адамзат үшін  үлгі-өнеге екені анық. Олай болса,  Алла Тағала Өзіне лайықты құл, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға лайықты үмбет болуымызды баршамызға нәсіп етсін!

Нұрлан БЕКБОЛАТҰЛЫ,
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

 



[1] Муғжамул кәбир 7812.

Бөлісу: