12
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарды (с.ғ.с) таспен атқан дүние арқаңнан қаққанын қалайсың ба?

Пайғамбарды (с.ғ.с) таспен атқан дүние арқаңнан қаққанын қалайсың ба?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

«Содан олар оны азын-аулақ тиын-тебенге сатып жіберді. Олар одан тезірек құтылу үшін оны тым төмен бағалаған еді» ("Юсуф", 20).

Бұл дүниеде Жүсіпті тиынға сатқан, Нұхты өтірікшіге шығарған, Ибраһимді отқа тастаған, Мұсаны сиқыршы деп жала жапқан, Зәкәрияның басына ақша тіккен, Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) таспен атқан. Сөйткен дүние сені арқаңнан қаққанын қалайсың ба?!

Дүние опасыз! Алланың рахметімен дүние жиын-терім орны емес, егістік алаңы етілген. Басқаның бәрін қой да, ертең өзіңе керек болатын, азық болып алдыңнан шығатын нәрселерді ек!

Сөз бітпейді. Тыныш жүрсең, «үндемегеннен үйдей бәле шығады» дейді, мешітке барып, намаз оқып, ілім алып жүрсең, «сектаға кіріп кетіпті» дейді, садақа берсең, «рия жасап жатыр» дейді, Құран оқысаң да, ескіліктің адамы деп ойлайды. Олар сені сыйламаса да, өзіңді-өзің сыйлағаның одан мың есе жақсы. Ешкімнің сөзіне ерме! Біреудің сөзімен, өзгелердің қалауымен емес, өзіңмен өзің болып өмір сүр!

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: