21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Жер бетіндегі ең қауіпті «У» қандай?» деп сұрақ қоятын болса лезде ойымызға оралатыны – шаянның немесе өрмекшінің уы, ал енді бірі жыланның уы деп жатады. Бірақ барлығының ойы ақиқаттан алыс болмақ. Шын мәнінде бұдан да өткен қатерлі «У» бар екен. Бұл ақпараттық у. Ақпарат ақылдың азығы іспеттес. Адамның сапалы тағамды таңдауы оның өзіне және ағзасына деген қарым-қатынасын көрсеткеніндей кез-келген ақпаратты да қабылдай беру оның өзіне әрі айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын сипаттайды.

Бүлдіршендердің ой-санасында үстемдік еткен рөлдегі батырлардың дені шетелдік фильм кейіпкерлерін құрайды. Мұны – Отандық жауынгерлердің әлсіздігінен емес, барды бағалай білмейтін қоғам, одан бөлек жарнама ісіндегі қателікке балап жатамыз.Шынтуайтында, әлемді дүр сілкіндірген батыр бабаларымыз шаш етектен. Соның бірі – рухы өр, текті қазақ Бауыржан Момышұлы атамыз.

Бүгінде адамның өзін-өзі өлтіруі – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Суицидтің факторлары көп. Оны дөп басып, нақты айта алмаймыз. Дегенмен, бұл проблемаға әртүрлі қырынан қарау қажет. «Көп көтерсе жүк жеңіл», – демекші, бұл мәселеге көпшілік болып ат салысуымыз тиіс. Сондықтан, мен бұл мәселеге дін саласы, рухани тәрбие жағынан келмек ойым бар. Бәлкім, аз да болса осы «індетке» қарсы жасалған тамшыдай үлесім болып қалар...

5 млн кісі өмір сүретін Сингапур қаласы мегаполис есептелуіне қарамай, сұлу табиғатын сақтап қалған. Бұл жәйттың қалай болып жатқанына қызыққан ғалымдар ұзақ жүргізген зерттеулерінен соң көңіл бөлетін нәтижелерге қол жеткізген. Солардан, бір жыл алдын жоғалып кеткен деп есептелген Alangium ridley Сингапурдың орталығындағы ботаника бағында өсіп тұрғаны анықталған.

Білім жолы қиын жол дейді. Иә, ғылым мен ілімді меңгере білу аса төзімділікпен, қабілетті қажет етеді. Әбу-Насыр әл-Фараби «білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»,-деген екен. Аллаға шүкір Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында бүгінгі біздің ұрпақ білім жолында бақытты. Елімізде білім алуға мектептер салынып бар жағдай жасалынуда.  

Рамазан айына санаулы ғана күндер қалды.

Ғалымдар былай дейді: «Ережеп айы егін егетін уақыт, шағбан айы егінді суғаратын, ал рамазан айы егінді жинайтын уақыт».

Қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше таза жүрекпен қадам басу.

1919 жылы АҚШ осы дерттен біржола құтылу мақсатымен «Жою заңы» деген атпен заң шығарады. Заңды іске асыру үшін халықты жаппай күреске шақырады. Барлық ақпарат құралдарын қолданып, алкоголизмге қарсы ұйымдар ашып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жаратушының жазғаны болар, Жанар жанұядағы жалғыз перзент. Әке-шешесі тірнектеп жиған дүниесін осы қыздың қызығына жұмсайды. Өзі де бойжетіп келеді. Талғамы да тамаша. Анау-мынау киімдерді қанағат тұтпайды. Әкесі жалғыз қызынан ақшасын аясын ба? Көңілі қош көргенін алып береді. Жанар не жеймін, не киемін демей өсті. Оның тым ерке мінезі оқуына да әсер етті. Қаласа сабаққа барады, қаламаса қала салады. Ата-анасының бойжеткенді бетінен қақпай өсіруі – қатарынан кем болмасын деген ниет еді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) жеті көкке көтерілген түн (жұмадан сенбіге қараған түн) (2018 жылғы сәуірдің 12-нен 13-не қараған түн - 1436 хижра жылының 26-27-ші ережебі) – Исра және Миғраж түні.

Сөздің басын «Сүйінші» деп бастайын. Неміс мамандары элетромагниттік өрістің көмегімен жылжитын сымсыз лифт жасап шығарды.

Зәулім ғимараттарға арналған тасымал жүйесінің жаңа түрін Thyssenkrupp компаниясы ұсынып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz ақпараттық порталы. ThyssenKrupp компаниясының лифтілер департаментінің орындаушы директоры.

Қостанай өңірінде дүниеге келіп, әкесінен ерте айырылған Ыбырай Алтынсарин қазақтың қамын ойлаған ұлы тұлғаның бірі әрі аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы болып, ел жадында есімі сақталды. Азан шақырып қойған шын аты – Ибраһим.