22
Жұма,
Қараша

һижри

Ішімдікпен қалай күресу керек?

Мақалалар
Жарнама

1919 жылы АҚШ осы дерттен біржола құтылу мақсатымен «Жою заңы» деген атпен заң шығарады. Заңды іске асыру үшін халықты жаппай күреске шақырады. Барлық ақпарат құралдарын қолданып, алкоголизмге қарсы ұйымдар ашып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осы тұрғыда қаншама кино-фильмдер көрсетіліп, ішімдік пен есірткінің зияны жайында көптеген мақалалар жазылып, конференциялар өткізілді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, дәл осы іс-шараға 60 миллион доллардан аса қаржы жұмсалған екен. Ол кезде мұндай сома қыруар қаржы болып есептелетін, қазірдің өзінде де аз ақша емес. Ал кітаптар мен кітапшалардың саны 10 миллионнан асыпты. Мұнымен шектелмей жаза қолданып 300-дейі дарға асылып, 532 335 адам темір торға жабылып, соры қайнады. Қаншама қолданылған шығынмен көздеген мақсатына жете алмаған соң 1933 жылы заңнын күшін жоюдан басқа ешқандай шара қалмаған. Заң бар болғаны 14 қана жыл өмір сүрді. Осы мәселеде әлсіздік көрсеткендіктерін Америка профессоры былайша мойындайды: «Хазіреті Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құранның дәнекерлігімен арақтан шектеді. Соның нәтижесінде ғасырлар бойы адамзатты арақтың уынан сақтаған. Мұндай игі істі 20 ғасырдағы «мәдениетті» Америка мемлекеті әртүрлі үгіт-насихат жүргізсе де оңды нәтижеге қол жеткізе алмады. Сондықтан ішімдікпен күресте сырттай емес, іштей күресу керек.

Ислам маскүнемдікке салынған бұл халықты өте дана тәрбиелік тәсілмен айықтырды. Құран Кәрім: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»,- деп бұйырды.


 

 

Бөлісу: