13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Біреудің балмен, екіншісінің умен сыналуы

Біреудің балмен, екіншісінің умен сыналуы

Ақида
Жарнама

Біреу жылап жатқанда, екінші біреудің күліп жатуы, біреулер ләззаттар арасында таңдау жасап жүргенде, екіншісі қатқан нанды талғажау етуге немесе өлімге душар ететін аурудан шипа табу үмітімен удай ащы дәрілерді жұтуға мәжбүр болған дүниеде, көбіміздің санамызды мазалайтын сұрақ, неге біреу балмен, екінші біреу умен сыналатындығы.

Оқиғалардың сыртқы көрінісі бойынша бағалайтын адамдардың көбі, егер сынақ теңдей шарттарда болмаса әділдік болмайды деп санайды. Тіпті таршылықпен сыналған адамдар, баршылықпен сыналған адамдардың орнында болғанда сынақтан оңай өтетіндіктерін, сол себепті өздеріне жүктелген жүктің тіптен ауыр екендігін алға тартады.

Мәселеге адами көзқараспен қарайтын болсақ, тең шарттарда орын алмаған сынақтың әділ болмайтындығы пікірі бір қарағанда орынды көрінуі мүмкін. Алайда, әлемдегі барлық әрекеттерін шексіз хикметі бойынша жүзеге асыратын ұлы жаратушының тағдырын, адами әділдік түсінігі өлшемімен сынаған адамдар, мына жәйтқа назар аудармайды: адам баласының Алланың қалауы және тағдырымен белгіленген сынағы, сыныптан өту үшін тест тапсырған оқушының сынағына ұқсамайды. Егер бір мұғалім бір сыныптағы оқушыларға, сынақ кезінде қиыншылық деңгейі әртүрлі сұрақ қоятын болса, әділетсіз деп саналуы мүмкін. Өйткені, бұл жағдайда оқушы қандай сұрақ келетіндігін білмегендіктен, әділдікке сай теңдей шарттарда жарысу болады. Бірақ, адам баласының өмір бойы алдынан шыққан жақсы-жаман таңдауларына қатысты сынақтарда, сұрақтар да, жауаптар да белгілі.

Алланың сынағына Алла адам баласына ақыл арқылы да, уахи арқылы да жол көрсетеді. Осы бағдарлаушы тарапынан адам баласына ненің жақсы, ненің жаман екендігін көрсеткен. Ол осылардан жақсысын таңдап, жаманынан аулақ болуыға жауапты. Яғни, осындай бір емтиханда, адамның қайсысын таңдауы керек екендігі белгілі. Сонымен қатар, адамға уахи арқылы жол көрсеткен жаратушы екі таңдаудың да нәтижелерінің қандай болатындығын анық көрсеткен. Осы тұрғыдан Алланың бұйрықтарының алдында сынақ тапсырған құлдың қате таңдауы, дұрыс нұсқасын білмей қалуынан емес, қате таңдау қзінің нәпсісіне ұнамды келуіне байланысты. Құл осы сынағында, біле тұра ақыретке қалдырылған мәңгілік ләззаттарды, тезірек қол жеткізетін дүниенің ләззаттарына айырбастамаған. Сол себепті,құлдың Алла алдындағы сынағында, әркімнің әртүрлі шарттарда сыналуы, адами көзқарастағы әділдік түсінігімен бағаланып, сынауға келмейді.

Сол себепті, Құран бізден мал-мүлкіміздің, бала-шағамыздың негізінде сынақ себепшісі екендігін жақсы түсінгенімізді қалайды. Бұл ақиқатты жақсы түсіне алмағандардың кейбірі Аллаға тек бір қырынан ғана құлшылық етеді. Мысалы: «Өзіне бір жақсылық келсе, бұған қатты разы болады, енді бір қиыншылық келсе, түрі өзгереді (діннен теріс айналады). Ол дүниесін де, ақыретін де жоғалтқан. Міне, бұл ап-анық зиянның өзі» («Хаж», 22/11)

Алайда, осындай жағдайда адамның міндеті, Алланың сынақ үшін адамдарға пайдалануға берілген дүниелік өмірдің тартымдылығына көзін тікпеуі. Өйткені, қандай жағдайда да, «Алланың сабыр етушілерге ақырет мекенінде беруге уәде еткен нығметі әрі қайырлы, әрі тұрақты...» («Таһа», 20/131)

«Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан жамандық және қасірет» кітабынан

ummet.kz

Бөлісу: