29
Жұма,
Наурыз

һижри

Хаким (асқан даналық иесі) және Алим (бәрін білуші) (Жаратушыны жоққа шығарушыларға жауап)

Хаким (асқан даналық иесі) және Алим (бәрін білуші) (Жаратушыны жоққа шығарушыларға жауап)

Ақида
Жарнама

«Жаратылыстарды өздеріне тән ерекшеліктерімен жаратқан табиғат» деушілер, «Бұл – жұлдыздың, күннің және айдың қызметі» деп санайтындар, «Бұл планеталардың қозғалысы арқылы болып жатыр» деген пікірді жақтаушылар, ұрпақ жалғастығының ата-ананың арасында жүзеге асатындығын алға тартушылар, бұлардың барлығы «бір нәрсенің басқа бір нәрсе арқылы пайда болады» деген негізге сүйенеді.

Өзі «Жаратушы» статусында тұрған нәрсенің «бастауы жоқ» болса, алдында ғана айтылған дәлелдердің негізінде бұл үрдіс шынжыр секілді үздіксіз жалғасып кете беретіндіктен бұл пікір толықтай жоққа шығады. Егер осы айтылған нәрсеге қатысты және осы топқа жататын әрбір нәрсенің бір бастауы «бар болса» онда оның өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Себебі, мұндайлардың өзін-өзі жаратуы үшін мына жағдайлар орын алуы тиіс:

а) Ол «жоқтық» статусында болады, бұл – мүмкін емес. Яғни, өзі жоқ кезде өзін жаратуы деген сөз. Егер барлық нәрсенің жаратылып, басқарылуы өзіне қатысты болса, ол «жоқтық» статусында болмауы қажет. Тағы да, Жаратушы статусындағы нәрсенің «өзін жаратуы» мүмкін болса, онда ол жаратушының өзін жоқ етуі де мүмкін. Бұл – қайшылықты жағдай.

ә) Немесе өзін жаратуы жоқ кезінде емес, бар кезінде орын алған. Бұл жағдайда ол басқа бір күштің арқасында пайда болады деген қорытынды шығады. Жетістікке жеткізуші бір Алла!

Сонымен қатар, табиғаттың жаратылуының негізі ретінде аталған элементтердің барлығы жансыз. Олардың арасында тек алдында айтып өткен ата-ана ғана – жанды болмыстар. Бірақ, ер мен әйел де өз функцияларының баланың дүниеге келуіне себеп болатын негізгі ұстаным еместігін жақсы біледі. Сонымен қатар, ата-ана дүниеге келген баласының өздері ойлағаннан мүлде басқа адам болуы мүмкін екендігін, олардың іштен кемтар, ақылы кеміс болуларына да ықпал ете алмағандықтарын, өз шамаларының сырлы, беймәлім көптеген ерекшеліктерінің бәрін біле алмағандықтарын жақсы түсінеді. Бұдан тыс ұрпақ жалғастығы тек еркек пен ұрғашы арасында ғана жүзеге аспайтындығын көрсететін бұдан да басқа көптеген мәселелер бар. Ал жансыз әлементтер, өздеріне ненің пайдалы, ненің зиянды екенін білмейді.

Демек, азықтану және жаратылыстағы қуаттар арқылы жанды организмдегі өзгерістердің орын алуы хикмет, ғылым иесі – Алланың, осы ерекшеліктерді азықтарға, жандылардың табиғатына дарытуы арқылы жүзеге асатындығы айқындалады. Табиғатта үстемдік етіп отырған ішкі механизмнің мүмкіндігінен жоғары тұрған Жаратушыға деген қажеттіліктің болуында барлық нәрсенің пайдасы мен зиянының негіздемесі бар.

Мынаны да айта кетейік, тірі жандыларда өсімдіктер мен табиғатта жоқ кейбір қасиеттер бар. Мысалы, есту, көру, сөйлеу, ажырата білу, зат пен құбылыстарды танып-білу, қабылдау қабілеті секілді. Бұл қабілеттер адамның дүниеге алғаш келген кезінде жоқ еді, бұл қасиеттер өсе келе дамып, ана сүтімен қалыптасады. Осы азықтар ата-анасының қартайып, әлсіз қалуына кедергі келтіре алмағанымен, оның баласына қалай әсер етеді?

Әр нәрсенің бір шегі бар. Сол межеге жеткенде оның ұзындығы, көлемі, естуң мен көруі, ақылы өспейді. Керісінше, бұлардың әрбірі  азығы, күтімі болса да уақыт өте келе қартаюмен кеми береді. Сондықтан, адамның жаны мен тәнінің дамуының жоғарыдағы элементтер арқылы емес, оған ешбір нәрсенің жасырын қала алмайтын өздігінен Алим (білуші), өздігінен Құдіретті, күллі мадақтар оған тәнҰлық құдіреттің жаратуымен жүзеге асқандығы түсінікті болды.

Алдында айтылған материялардың барлығы да ыдырауға және қайта қалпына келтіруге душар болуы ықтимал. Сонымен қатар бұл денелердің барлығы өзара қарама-қайшы статуста саналғандықтан бір-біріне көмек қолын созу мақсатындабірлесулері де мүмкін емес. Осыдан денелердің табиғи болмысының өздігінен емес өздерінен бөлек болмыс арқылы пайда болатындығы айқындалады. Себебі, барлық нәрсе сыртқы әсерсіз өзіне тән құрылыммен өздігінен дамып, қалыптасу қабілетіне ие емес. Қателіктен сақтаушы бір Алла!

Сонымен қатар, әрбір тіршілік иесінің бойында өзін құрсауынан шығармай тәуелді ететін кейбір қажеттіліктер мен арман-қалаулары бар. Олай болмағанда жанды организмдер азыққа мұқтаждық танытпас еді. Сонымен қатар, азықтың бар болуы қажеттіліктердің өтеуіне себепкер болады. Демек, құмарлық, қажеттіліктердің тууы азықтарға қатысты емес екен. Құмарлық пен қажеттіліктердің өздігінен жаратылуының мынадай себептері бар:

Біріншісі, сырттан бір күштің ықпалынсызөздігінен «пайда» болу «истиғна», яғни, ешкімге мұқтаждық танытпау дәлелін көрсетеді. Мұның қажеттілікке қажеттілікке өзгеріп кетуі мүмкін емес.

Екіншісі, өзі дербес статусқа ие нәрсенің жоқ болу ықтималдығы жоқ. Оның ешкімге мұқтаждық танытпауы мүмкін.

Үшіншісі, қандай да бір сыртқы күштің ықпалы жоқ бірнәрсенің өздігінен барып басқасына мұқтаждық танытуы – абсурд. Егер оның бойында өздігінен осындай бір қажеттілік туындар болса, оның өзіндік мәні жойылмайынша, бұл қажеттілік жалғасып кете береді. Сондықтан жанды организмдерді құмарлық сезімімен және ұдайы қажеттілік сезінетін етіп жаратқан басқа бір болмыстың бар екендігі мәлім болды. Бұл болмыс олардың бойларындағы қажеттіліктері мен құмарлықтарын қамтамасыз ететін құралдарды да қоса жаратқан.

Осылайша әлемнің ілім иесі бір басқарушысын жоқ деп көрсетуге тырысқан дәлелдер арқылы, керісінше Оның бар екендігі дәлелденді. Барлық күш-құдірет бір Аллаға ғана тән!

Бір анығы, табиғатта әмірге бағындырылмаған және мойынсұндырылмаған ешбір жауһар немесе ғараз жоқ. Тіпті, бұл жағдай болмағанда олардың әрбірі үшін бұдан да бақытты әрі рахат бір орта қалыптасар еді. Мысалы, тұрақты бір қалыпта тұру немесе тұрақты қозғалыста болуы сияқты. Алайда бұл жағдайға осылардың иесінің яки басқаларының өмірі тәуелді. Қорыта айтқанда, табиғаттың барлығы осы статуста. Қалайша әмірге тәуелді, бағынышты жаратылыс басқалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және бар болуына себеп болатындай күш пен құдіретке ие бола алмаса, сол секілді өзінен тәуелділікті, әмірге бағыныштылықты алып тастауға да шамасы жетпесі хақ. Олай болса, табиғаттағы әрбір жаратылыстың білім иесі билеушісі бар және бұл билеуші жаратылыстың әрі қажеттіліктерін, әрі оны қамтамасыз ету жолдарын біліп, оларды осындай ерекшеліктерімен жаратқан. Ол жаратылысы мен тіршілігінің жалғастығы тұрғысынан табиғаттағы нәрселерді бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Алайда, олардың ешбірі басқасына қай жағынан мұқтаж екендігін білмейді әрі болмысындағы мұқтаждық ерекшеліктерін жоя алмайды. Осының барлығы бәрін толық білуші бір билеушінің бар екендігін әрі барлық істердің соның жоспарына сай жүргізілетіндігін дәлелдейді.

Ойлап көрсек, бұл іс жаратылғандардың ең ақылдысы әрі басқару қабылеті ең күшті деген біреуге тапсырылса, оның бұл істі атқаруға шамасы жетпейді. Бұдан төмен дәрежедегі біреудің тіпті шамасы жетпесі анық. Мынаны да айта кетейік, ешбір жаратылыс уақыт пен кеңістікке тәуелділіктен құтыла алмайды. Осылайша, әлемнің өз ерекшеліктерімен қатар өздігінен қалыптасуының мүмкін еместігі, керісінше оның жаратылысының қажеттілік тұрғысынан олардың мүлдем бөлек, өздігінен бар, білім мен құдірет иесі бір жаратушының арқасында жүзеге асқандығы айқындалады. Барлық күш-құдірет бір Аллаға тән!

Әлемді құрайтын негізгі материяны мәңгі деп танитын адамның көзқарасына келер болсақ, бұл негізгі материяға мына жағдайлар тән:

1. Не осы (уақыт, мекен, қажеттіліктер сияқты) мәндердің жауһарынан пайда болған. Бұл жағдайда табиғатқа кейіннен келіп қосылған ерекшеліктер оған да тиісті болады да түпкі материяның жауһарларының әлсіздігі мен тәуелділігі анық көрінеді. Өз кезегінде бұл – табиғаттың жаратылғандығының және басқасының арқасында қалыптасқандығының екі көрсеткіші. Бұл жағдайда басқа материялардағы ерекшелітер аталмыш түпкі материяда да бар деген сөз.

2. Не болмаса түпкі материя аталмыш жауһардан мүлдем бөлек ерекшелікке иеленіп, ешкімге мұқтаждық танытпайтындай күшті болады; Күштілігі сондай мұқтаждықтарға тәуелді болмайды, өзін соның арқасында толықтай тәуелсіз әрі күшті сезінетін сыртқы факторға тәуелділікке итермелейтіндей қажеттілік тумайды. Олай болса, аталмыш түпкі материя:

а) не көптеген туынды ерекшелікке себеп болып, түпкі болмысынан ажырап (табиғатқа тән) қажеттілік пен қалау жүйесіне өтіп кетеді; бұл жағдайда өз жауһарында әртүрлі мұқтаждықтары бар, әртүрлі қажеттілікке тәуелді, өзгеруге әрі құбылуға қолайлы күйге түседі. Осылайша ол ешкімге қажеттілік сезінбейтін және қуаттылық қасиетінен толықтай айырылып, ақыры өзі қажеттіліктердің өзегіне және қажеттілік пен мұқтаждықтың орталығына айналады. Шүбәсіз, аталмыш түпкі маерияның билігі ендігі жерде Хаким әрі Алим бір жаратушыға тәуелді болудан құтыла алмайтын күйге түседі. Бұл жәйт барлық табиғат үшін қажеттілікке айналады.

ә) Не болмаса, түпкі материя өз қалпын сақтап қалады. Бірақ табиғат оның құрылымында бағдарлама түрінде бар болып, кейін жарыққа шығады. Бұл – «һәйулә» (материяның өзі емес, оның бастамасы) көзқарасын ұстанушылардың пікірі.

Енді әрбір нәрсенің басқа нәрседе бағдарлама түрінде болуы және іс жүзінде содан туындауы жағдайында табиғаттағы әрбір заттың негізгі құрылымы өзгеріске ұшырайды. Мысалы, олардың рухтық аталықта, барлық жан иелерінің аталық немесе жұмыртқаларда, жасыл жапырақтың дәнекте, ағаштың ұрықта болуын алға тартуы, сонымен бірге бұл көзқарасты ұстанушылардың пікірі бойынша барлық жауһарлар, азықтар мен осыған ұқсас нәрселердегі тұрақтылық пен даму да осы бір жүйеге тәуелді. Иә, жақтастары айтып отырған осы құрылымдық өзгеріс, түпкі материя (тыйнәт) мен «һәйуләнің» да іс жүзінде жойылуына әкеліп соғады. Өйткені, бұлар барлық табиғаттың қалыптасуына негіз болуда.

Ол Жаратушы, бірнәрсенің түпнегізін сол нәрсенің мазмұнын қамтитын ерекшелікпен жаратады. Одан кейін де дамуына қажетті материя мен кеңістікті беру арқылы іс жүзінде жарыққа шығарады. Бұл жүйеде таухид және Алланың аталмыш барлық нәрсенің жаратушысы екендігі паш етілуде. Жаратылған нәрселердің барлығы Соның арқасында пайда болған. Ол не олардың айтқаны сияқты немесе ұдайы бар болып тұратын барлық нәрселерді түпкі материялардан немесе мұндай материясыз-ақ қалауынша жаратылады, я болмаса таухид иелерінің айтқандары сияқты қалауынша жаратады. Ұлық Алла барлық нәрсені өң бойына жинақтаған бір жаратылысты жаратуға құдіретті екен, онда Ол тек жаратылысты әуелі бағдарлама түрінде сосын барып іс жүзінде жарыққа шығарушы ғана емес, ежелдегі жоспарлау мен уақыты келген кезде жарыққа шығару арқылы кез-келген  нәрсені өз қалауынша жәна жаңадан жаратуға құдіреті жетуші.

Қарсы пікірдегілер әуелі бір заттың жауһарлары бір негізде жинақталып, кейіннен іс жүзінде жарыққа шыққан деуі мүмкін. Иә, бұл көзқарас – алдында айтқан нұсқаның дәл өзі. Өйткені, бұл олардың ұрық, дәнек жөнінде айтқан көзқарастарына ұқсас. Әрі бұл көзқараста ақылға қайшы бір жәйт бар: бір нәрсенің бойында өзінен бірнеше еселеген үлкен жауһарлардың жинақталуы мүмкін емес. Өйткені, мұндай болжамда қайшылық бар. Себебі, мұндай жағдайда ішкі құрылым бұзылады, сондай-ақ, бақылап-болжау іске аспайды. Бұл жерде мынадай да бір нұсқа бар: «Тинат, һәйулә, мүбди, нәфси-күлл (түп негіздер)» деп атаған «негіз» табиғатты жарату, қалыптастыру құдіретіне ие болады. Бірақ, бұл табиғаттың өз құрамында болу арқылы, қалағанындай, өз бетінше іс-әрекетпен, жаратумен жүзеге асады; тіпті оның үкіміне қарсы тұру, жаратылысты басқару жүйесін бұза алмайды. Бұл дегеніміз таухидтан басқа нәрсе емес. Алайда, олар таухид иелері табиғаттың жаратушысы мен басқарушысына берген атаулардан басқа атаулармен атаған. Барлық күш-құдірет бір Аллаға тән!

материал Әбу Мансұр Әл-Матуридидің

«Таухид кітабынан» алынды

ummet.kz

Бөлісу: