21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Еліктеушінің (муқаллид) иманы қандай?

Еліктеушінің (муқаллид) иманы қандай?

Ақида
Жарнама

Құбылаға бет бұрғандар арасында мұқаллидтің иманына қатысты әр-түрлі көзқарас бар. Әбу Ханифа, Суфян әс-Сәури, Мәлик, әл-Әузағи секілді фиқһ ғалымдары мен хадис ғұламалары: «Иманы дұрыс. Бірақ, дәлел-дәйекті қаперге алмағаны үшін күнәһар есептеледі» десе, ар-Рустуғфани мен әл-Халими: «Иманның қабыл болуының шарты – мұғжиза арқылы Пайғамбардың сөзінің дұрыстығын білу» деген.

Ашғарилар «әр адам (иман мәселелерін) ақылдың көмегімен білуі керек, бірақ оны тілмен айтуы, қарсыласымен пікір-таластыра алуы шарт емес» деп есептейді. Басқа кәләм ғалымдарының көзқарастары да дәл осындай. Ал, мұғтазила ағымы болса: «Әрбір мәселені ақылдың көмегімен күдік қалмайтындай дәрежеде білмейінше, мүмин болып саналмайды», деп есептейді. Ең дұрысы ‒ барлық ілім иелерінің, яғни кәләм ғалымдарының құп көрген көзқарасы. Өйткені, жалпы алғанда иман – жүрекпен сенуден тұрады. Мысалы, бір кісіге бір дерек жеткізілгенде, ол соған сеніп, мойындаса, «Ол сенді» деу дұрыс саналғаны секілді, мұқаллидке де сенуі қажет нәрселер айтып жеткізілгенде оны мақұлдаса, мүмин саналып, Алланың иман келтіргендерге беретін уәделі сыйларын иеленуге лайық болады.

Ал иман келтіретін нәрселерді білуге келсек, бұл ‒ иманнан бөлек нәрсе. Өйткені, иманға қатысты мойындалуы тиісті нәрслерді білген адамда иман болмауы да мүмкін. Мысалы, кітап иелері (яһудилер мен христиандар) Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар екендігін өз баласын танығандай танып, білетін еді. Бірақ, мойындағысы келмейтін. Құранда бұл туралы анық айтылған. Бұл айтылып отырған мәселе – тау ішінде өмірге келіп, жаратылысты да, оның «Өздеріне кітап берілгендер пайғамбарды өз ұлдарындай таниды. Сонда да олардың арасында кейбіреулері біле тұра, шындықты жасырады» («Бақара» сүресі, 146-аят) деген мағынадағы аятты меңзеуде.

Ал мұсылмандар арасында дүниеге келіп, Алланың құдіретін көрген адам, аталған мұқаллидтің қатарына енбейді. Тура жолға бастаушы – Алла ғана! Осыған дейін айтылғаннан түйетін түйін – иман жүрекпен сену арқылы көрініс табады. Ал, тілмен айту тек шариғат үкімдерін жүргізу үшін қажетті шарт екендігін білеміз. Демек, иман жүрекпен сену арқылы пайда болады және онда арту, кему, көбею, азаю орын алмайды. Имам Шафиғи басқаша көзқарас білдірген. Ол амалқұлшылықтарды иманнан деп санап, «құлшылықтың артуымен иман артады, азаюымен кемиді», деп есептеген. Біз бұл көзқарастың дұрыс еместігін айтқан болатынбыз. Ал Құрандағы: «Имандарын арттырады...» деген аятқа келсек, мұндай аяттардың бірнеше мағынада айтылуы ықтимал.

Біріншіден, Пайғамбарымыздың кезеңінде иман келтіруге тисті кейбір үкімдердің жаңадан қосылуына байланысты «арту» меңзеліп тұрған болуы мүмкін. Мысалы, ол кезеңде аяттар бірінен соң бірі үздіксіз түсіп жатқан еді. Әр аят түскен сайын бір жаңа үкім шығып отыратын. Осылайша сахабалар ижмәли (жалпы) иман келтірумен қатар кейбір тармақты мәселелерге жеке-жеке иман келтіруі керек еді (сөйтіп, иманның тармақты мәселелері артып отырған).

Екіншіден, басқа ағраздардағы секілді, имандағы жаңалануға байланысты «арту» көзделген болуы мүмкін. Сонымен қатар иманның жемісі мен нұрының тасуына байланысты да айтылуы мүмкін. Тура жолға бастаушы – бір Алла! Жүрекпен сеніп, тілімен айтқан адам ‒ нағыз мүмин. Сондықтан, «Құдай қаласамен мүминмін» деп айту дұрыс емес. Имам Шафиғи (Алла рақымына бөлесін) бұлайайтуға болады деп есептеген. Иман мәселесінде «Құдай қаласа» деген сөз күдіктенудібілдіреді (нақты білмеуді көрсетеді). Мысалы тірі адамның «мен Құдай қаласа тірімін»деп айтуы дұрыс емес. Жүрегімен сеніп, тілімен айтқан (Алланың алдындағы соңғы жағдайы қалай болатындығын білмегендіктен «Құдай қаласа мүминмін» деп айтаалмайды. Себебі, ол адамда қазір иман болғандықтан, Алланың алдында да иманкелтірген болып саналады. Алла Тағала оның кейін кәпір болып кететінін білсе де қазіргі жағдайы өзгермейді. Мысалы, белгілі бір уақыттан кейін дүниеден озатыны белгілі адам ақтық демі таусылмай тұрып «тірі» деп есептеледі. Бірақ, оның белгілі бір уақыттан кейін өлетіндігін Алла біледі. Осыған орай «Алла шайтанның кейіннен жолдан тайып кететінін білсе де, Ібіліс Аллаға құлшылық жасап, мойынсұнып жүргенде иманкелтіруші құл болатын» дей аламыз. Шайтан туралы айтылған  (олкәпірлерден болды) деген аятқа келетін болсақ, аяттағы «сөзі «мағынасында келген («болатын» деген мағынада емес «(кейіннен) болды» деген мағынада).

Нұх пайғамбардың ұлына байланысты да «суға батып кеткендердің қатарында кетті) делінген. Бұл аятта да «мағынасында келген. Біздің (әһлі сүннеттің) көзқарасымыз бойынша иман (мүмин) мен ислам (мұсылман) терминдерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Заһирилер бұлай деп есептемейді. Әһлі сүннет көзқарасы бойынша, иман – Алланың жіберген әмірлері мен тыйымдарын мойындау. Ислам – оның құдайлығын мойындап, бағыну. Ал, бұл әмір мен тыйым арқылы ғана жүзеге асады. Демек, қамтитын үкіміне байланысты иманисламнан бөлек емес әрі араларында айырмашылық жоқ. Иман мен исламды бөлек депесептейтіндерге: «Мүмин болып, мұсылман болмаған немесе мұсылман болып мүминболмаған адамның үкімі қандай?» деп сұрақ қоямыз. Егер біріне тиесілі деп тапқан үкімнің екіншісінде жоқ екендігін дәлелдей алса, әрине мұның жөні бөлек. Дәлелдей алмаған жағдайда сөзінің қате екендігі анықталады. Алла – жетістікке жеткізіп, тура жолға бастаушы!

материал «Матуридия ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: