21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Шама жетпейтін істің жауапкершілігі

Шама жетпейтін істің жауапкершілігі

Ақида
Жарнама

Бұл мәселеде ғұламаларымыздың көзқарасы ашғарилердікінен бөлек. Ғұламаларымыз (Алла рақымына бөлесін): «Алла Тағала құлдарына шамасы жетпейтін істерді міндеттеуі мүмкін емес» деп санайды.

Неге десеңіз зағип жанды көруге, мүгедек адамды жүруге міндеттеу секілді, шамасы жетпейтін істі міндеттеп, жауапкершілікке тарту хикметке сай келмейді. Хикмет иесі Ұлы Аллаға мұндай істі телу дұрыс емес. Нақтырақ айтқанда, жауапкершілік (міндет немесе тәклиф) дегеніміз – еңбектену, машақаттану арқылы қол жеткізетін істі істеуге сынақ ретінде бұйырық беру. Егер ол істі атқарса, сый көрсетіледі, атқармаса жазаланады. Ал, мұндай нәрсені орындауға құлдың шамасы жетуі тиіс. Ол пенденің шамасынан тыс нәрсе болмауы қажет.

Сұрақ: Құран Кәрімде: «...Уа, Раббымыз! Күшіміз жетпейтін нәрсені бізге жүктей көрме!» делінген. Егер Алланың шама жетпейтін нәрсені міндеттеуі мүмкін емес болса, неліктен Алладан жүктемеуін сұраймыз? Тағы бір аятта Алла Тағала періштелерге: «Қанеки заттардың аттарын атаңдаршы?» дегені белгілі. Негізінде періштелердің заттардың атын айта алмайтындығын Алла білетін еді. Сондай-ақ, «Алла Тағала қиямет күні сурет салғандарға: «Бейнелеген нәрселеріңе жанбітіріңдерші қане?!», – дейді»181 деген бір хадис риуаят етіледі. Міне осылар Аллаадамның шамасы жетпейтін нәрсені міндеттеуі мүмкін екендігін көрсетпей ме?

Жауап: Бірінші аятта көтере алмайтын жүктің/жаупкершіліктің артылуынансиыну мәселесі қозғалған. Біздің көзқарасымыз бойынша, Алла Тағала пенденіңмойнына шамасы жетпейтін тау немесе қабырға секілді нәрсені артуы мүмкін. Тіпті,сол себепті өліп кетуі де ықтимал. Бірақ, пендеге әлгіндей шамасы келмейтін жүкті көтергені үшін сый көрсетіп, көтере алмағаны үшін жазалауы мүмкін емес. Өйткені, бұл жоғарыда айтылғандай хикметке сай келмейді. Ал Алла Тағаланың періштелердензаттардың атауын атауды бұйыруына келсек, бұл – жауапкершілікке қатысты айтылғанбұйрық емес. Тек періштелердің оны білмейтіндігін (адамнан артық еместігін) анықкөрсету мақсатындағы бұйрық. Мұндай сұрақтың қойылуы ‒ қалыпты жағдай. Сурет пен мүсін жасағандарға қаратыла айтылған бұйрық та дәл осындай. Ол – жауапкершілікті талап ететін бұйрық емес. Керісінше, оларды істеген күнәларына қарай жазғырудыңбір түрі. Сондай-ақ, бұл талаптың сынақ алаңы саналатын мына дүниеде емес, сый мен жаза тағайындалатын ақыретте орын алатындығы біздің көзқарасымызды дәлелдей түседі.

Сұрақ: Алла Тағала өзіне иман етпейтіндігін біле тұра Әбу Жаһил мен Перғауыннан не үшін иман етуді талап етті? Негізінде Алланың білгеніне қайшынәрсенің орындалуы мүмкін емес қой. Мұны қалай түсінеміз?

Жауап: Біріншіден, бұл сұрақ ижмаға қайшы. Екіншіден, Алладан келгенхабарды жоққа шығару саналады. Ижмаға қайшылығына келсек, адамның шамасыкелмейтін іске ешқашан жауапты болмайтындығына қатысты мұсылмандар ортақ көзқараста. Ал арадағы қайшылық тек логикалық тұрғыда осындай жауапкершіліктің мүмкін яки мүмкін еместігіне байланысты туындауда. Алланың аятын жоққа шығару мәселесіне келсек, Алла Тағала Құранда: «Алла ешкімге күші жетпейтін нәрсені міндеттеп, жауапкершілікке тартпайды»182 деген. Ал мүмкін емес нәрсеге ешкімнің де күші жетпейді. Қарсыласымыздың «Алланың білуіне қайшы нәрсенің жүзеге асуы мүмкін емес» деген сөзіне келсек, ақыл-ой тұрғысынан мүмкін емес нәрсе ‒ «мухал» (болуы мүмкін емес нәрсе) ал, болуы мүмкін нәрсе ‒ ол «жәйіз». Бір нәрсені бар немесе жоқ деп санау, негізінде Алланың ілімі мен ирадасына (қалауына) емес, өз затына байланысты. Мысалы: Әлемнің бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін жаратылыс екендігінде талас жоқ. Алла оның жаратылатындығын о бастан білді. Әлемнің дәл қазіргідей бар болуы оның болмысының міндетті екендігін білдірмейді. Егер жаратылатындығын Алла білген нәрселердің бар болуы міндетті (уәжіп), жаратылмайтындығын білген нәрсенің бәрі болуы мүмкін емес (мухал) болса, ықтималды (жаиз) нәрселер болмас еді. Мұндай жағдайда Алланың екі ықтималдықтың бірін таңдауына да қажеттілік қалмас еді. Оның ирадасы (қалауы) тек болуы міндетті нәрсе мен мүмкін емес нәрсені бір-бірінен ажыратуда ғана көрініс табады. Бұл – ақылды адамның айтатын сөзі емес.

Сұрақ: «Алла Тағаланың ілімінде бар нәрсенің керісінше орын алуы мүмкін деп санасақ, онда бұл Ұлық Аллаға білімсіздік сипатын телу саналмай ма?

Жауап: Негізінде білмеушілік – бір нәрсенің болмысын ойша елестетуге қатысты емес, керісінше сол нәрсенің нақты бар болуына қатысты. Оны бар деп ойша елестету мүмкін саналғанымен, Алла оны жоқ, яки болмайды деп біледі (яғни, Алла жоқ нәрсені де біледі деген сөз). Бұл білмей қалуды Аллаға телу емес, керісінше Оның барлығын білетіндігін айқындай түседі. Жетістік Алладан!

материал «Матуридия ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: