21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Хадистерде айтылған ақырзаманның кіші белгілері

Хадистерде айтылған ақырзаманның кіші белгілері

Ақида
Жарнама

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Алла біледі», - деп жауап беретін.

Десек те, Пайғамбарымыз ақырзаманның уақытын айтпағанмен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынадағы ғибраттарды кездестіруге болады. Ақырзаманның белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып екіге бөледі: кіші белгілері және үлкен белгілері

Ақырзаманның кіші белгілері

Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі – ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қиямет пен мен бірге жіберілдім», – деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар.

2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті, елу әйелдің бір ғана қараушысы болады».

3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлдеқайда көп болады.

4. Расулулла (с.ғ.с.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», – дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер»[4], – деп жауап береді.

5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі.

6. Адам өлтіру оқиғасының көбеюі[6].

7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер.

8. «Мен Алланың Елшісімін» деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.

- Зілзаланың көбеюі.

- Көптеген бүліктердің етек алуы.

- Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді.

- Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды.

9. Мал дүние судай болып ақпайынша, фитналар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды.

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік.

Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдар арасында мынадай жайттардың етек алатындығынан хабар береді.

1. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды.

2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды.

3. Аманатқа қиянат етеді.

4. Харам нәрселерді халал деп санайды.

5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді.

6. Пара алушылық көбейеді.

7. Зәулім үйлер салынады.

8. Дүниеге қызығып, дінін сатады.

9. Туыстық қатынастар үзіледі.

10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады.

11. Жастардың үкімет басына келуі.

12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі.

13. Ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейеді.

14. Зина жасау етек алады.

15. Сенімді, адал кісілерді опасыз адамдай көреді.

16. Опасыз, өтірікші кісілер сенімді халге келеді.

17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді.

18. Жауыннан апаттар, селдер болады.

19. Зекет берілмейтін болады.

20. Ішімдік ішу көбейеді.

21. Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады.

22. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады.

23. Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады.

24. Жағымсыз ғалымдар болады.

25. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады.

26. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады.

27. Мұнаралар биік болады.

28. Бастықтар көбейеді.

29. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды.

30. Сенімді кісілер азаяды.

31. Кедейлер көбейеді.

32. Алланың қойған жазалары жарамсыз болып, жүрмей қалады.

33. Әнші қыздар көбейеді.

34. Таразыдан жеу көбейеді.

35. Әйел өзінің бастығынан босанатын болады.

36. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады.

37. Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі.

38. Ілім – құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады.

39. Ол кезде адамдар арасындағы кәпірлер мен залымдардың мәртебесі биік болып, құрмет етіледі.

40. Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады.

41. Надандар мәртебелі болады.

42. Тақуа кісілер адамдар арасында келеке-мазаққа айналады.

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ақырзаман таяғанда болатын жағдайларды осылайша 14 ғасыр бұрын үмметіне айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерге қарап отырсаңыз, ақырзаманның көптеген белгілері бүгінгі техногендік ғасырымыздың дертіне айналып отыр.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: